ҚР «Нотаиат туралы» Заңының 29 баптың 2 бөлігінің 4 тармақшасына сәйкес жеке практикамен айналысатын нотариустардың біліктілігін арттыру мақсатында Республикалық нотариаттық палата қашықтық нысаны бойынша оқыту жүйесін іске асырды.

Қашықтық нысаны бойынша оқыту шеңберінде еліміздің нотариустары БНАЖ – дағы жеке кабинеті арқылы ұсынылып отырған оқыту материалымен танысуға мүмкіндік береді. Алғашқы бейне материал БНАЖ-дың ішкі порталында жарияланды. Ол жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды тіркеу сұрақтарына байланысты бейне материал.
Ескере кететін жайт, нотариустар қашықтық нысаны бойынша оқыту жүйесінің материалдарына сұрақтар мен пікірлерін материал жарияланғаннан кейін бес күндік мерзім аралығында ғана жазуына болады. Себебі, айтылған мерзім аяқталғаннан соң «комментарий» қызметі шектеледі. Одан басқа бейне жарияланғаннан кейінгі бес күндік мерзім ішінде қашықтық нысаны бойынша оқыту жүйесінде ұсынылған материалдармен танысып шыққан нотариустардың тізімі де жұмыс жасайды.
Республикалық нотариаттық палата жаңадан жарияланған бейнематериалдар туралы ақпараттарды бұдан әрі хабарлап тұрады.