ХНО ЖАРҒЫСЫ
Халықаралық Нотариат Одағы |
2007 жылғы 2 қазанда Мадридте
мүше Нотариаттар Ассамблеясы бекіткен
ЖАРҒЫ
КІРІСПЕ
Халықаралық Нотариат Одағы
2007 жылғы 2 қазанда Халықаралық Конгресте бекітілген.
Халықаралық Нотариат Одағы «Халықаралық Латын Нотариаты Одағы» (ХЛНО) деген өзінің алғаш атауына Буэнос-Айрес қаласы нотариустар алқасының бастамасы бойынша 1948 жылғы 2 қазанда осы қалада өткен халықаралық конгресте ие болды, ал оның Жарғысы 1950 жылғы 21 қазанда өткен Екінші Халықаралық Конгресс кезінде бекітілген болатын.
Ол өзінің бастапқы логосы мен «ХНО» аббревиатурасын сақтап қалды.
Халықаралық Нотариат Одағы пікірлестес қауымдастығын және латын типіндегі нотариат институтын білдіреді және мемлекет құрастыратын құжаттардың теңнұсқалығын қамтамасыз етуге уәкілетті заңгерлер, тәуелсіз және әділ кеңесшілер оның мүшелері болып табылады. Бұл өз кезегінде құқықтық қорғауды және шарттық бостандықты қамтамасыз етеді.
1-ТАРАУ: ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. – Анықтама – Қызмет мақсаты және түр – Орналасқан жері
1.1. Халықаралық Нотариат Одағы, бұдан әрі ХНО бүкіл әлемде нотариат функциялары мен қызметіне жәрдемдесу, үйлестіру және дамыту мақсатында құрылған үкіметтік емес ұйым болып табылады.
1.2. ХНО-ның заңды мекенжайы – Буэнос-Айрес (Аргентина)
1.3. Әкімшілігінің орналасқан жері - Рим (Италия)
2-бап – Мақсаты
ХНО мақсаты мыналарды қамтиды:
а) латын типіндегі нотариат жүйесінің ірегелі қағидаттарын, сондай-ақ нотариалдық этика кагидатарын ілгерілету және қолдану;
б) халықаралық ұйымдарда нотариаттың мүддесін білдіру және олармен ынтымақтасу;
в) ұлттық нотариаттармен, ХНО мүшелерімен және мүшелері емес тұлғалармен, сондай-ақ басқа да туыстас бірлестіктермен латын типіндегі нотариатты тарату мақсатында ынтымақтасу;
г) нотариалдық саладағы кәсіби даярлықты насихаттау, оны ұйымдастыру және дамыту, осы саладағы ғылыми жұмысқа қолдау көрсету;
д) ХНО халықаралық конгрестерін жан-жақты қолдау және ұлттық іс-шаралар шеңберінен шығатын кәсіби отырыстар мен іс-шараларға жәрдемдесу;
3-бап – ХНО мүшелері
3.1. Ассамблея қабылдаған ұлттық нотариаттар мүшелері болып табылады.
3.2. Оларды:
а) өкілдік өкілеттіктерімен ұлттық инстанция;
б) мұндайлар болмаған жағдайда (алдыңғы тармақты қараңыз), елдің нотариалдық инстанциялары тағайындаған ұлттық өкілдің бірі ұсынған.
3.3. Мынадай:
а) құрамнан ерікті түрде шыққан кезде;
б) мақсатпен және қызметпен байланысты, сондай-ақ осы жарғыны сақтаумен байланысты елеуді негіздер болған кезде Ассамблеяның шешімі бойынша мүшелік жоғалтылады.
4-бап – ХНО-ны қаржыландыру
ХНО-ның ақшалай қаражаты:
а) оның мүшелерінің кезекті және қосымша мүшелік жарналарынан;
б) Одақ қызметінің, сондай-ақ оның жарияланымдары мен басылымдарының табысынан;
в) қайырымдылықтан, мұрагерліктен, жәрдемақылар мен субсидиялардан;
г) кез келген басқа да түсілімдерден немесе басқа қаржыландыру көздерінен қалыптасады.
II-ТАРАУ: ОРГАНДАРЫ
5-бап – Органдар тізбесі
Органдары мыналар:
а) Мүше нотариаттар Ассамблеясы (бұдан әрі «Ассамблея»)
б) Президент
в) Басшылық Кеңес
г) Бас Кеңес
д) Қаржылық Бақылау Кеңесі болып табылады.
1-БӨЛІМ: АССАМБЛЕЯ
6-бап – Құрамы
6.1. Ассамблея ХНО-ның жоғарғы органы болып табылады.
6.2. Ол барлық мүше нотариаттардан тұрады және олардың әрқайсысын өзінің Президенті немесе ұлттық нормаларға сәйкес уәкілетті өкіл ұсынады.
6.3. Өкілдік бойынша өкілеттіктерді беруге рұқсат етілмейді.
7-бап – Отырыстар
7.1. Ассамблея кезекті отырысқа жылына бір рет, екінші жарты жылдықтың ішінде оны өткізгенге дейін тоғыз айдан кешіктірмей, Президент тағайындайтын мерзімде жиналады.
7.2. Ағымдағы шақырудың соңғы кезекті сессиясын өткізу Халықаралық Нотариат Конгресінің орнымен және мерзімдерімен байланыстырылады.
7.3. Ассамблеяны кезектен тыс сессияға Президент өзінің бастамасы бойынша ол басталғанға дейін 30 күн бұрын хабарландыра отырып не болмаса оның мүшелерінің төрттен бір бөлігінің бастамасы бойынша 60 күннен кейін өткізу мерзімімен шақыруы мүмкін.
8 –бап – Қатысушылардың кворумы
8.1. Ассамблеяның заңдылығын тану үшін 10.1-бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, дауыс беру құқығы бар мүше нотариаттардың кемінде үштен бірі қатысатын кворум қажет.
8.2. Кворумның болуын айқындағаннан кейін ол барлық мақсаттар үшін және Асамблеяны өткізу уақытында жарамды болып саналады.
9-бап – Дауыс беру құқығы
9.1. Әрбір мүше тек бір дауысқа қана ие болады.
9.2. ХНО алдында қаржылық міндеттемелерін орындамаған мүше, Ассамблея дәлелді себептермен ережеден айрықша жағдайға жол берген кезді қоспағанда, дауыс беру құқығынан айырылады.
10-бап – Көпшілік
10.1. ХНО-ның дауыс беру құқығы бар мүшелері көпшілігінің қатысуы мен келісімін қажет ететін, төменде санамаланған жағдайларды қоспағанда, шешімдер 8.2-баптың ережелеріне сәйкес олардың қатысуы айқындалған мүшелер дауысының көпшілігімен қабылданады:
а) жарғыны қабылдау және оған өзгерістер енгізу;
б) мүшелерді қабылдау және шығарып жіберу;
в) Президентті, вице президенттерді, хатшы мен қазынашыны тағайындау.
10.2. Көпшіліктің болуын есептеу кезінде тек «иә» немесе «қарсы» деген дауыстар ғана ескеріледі, дауыс бермегендердің дауысы және жарамсыз бюллетеньдер назарға алынбайды.
11-бап –Ассамблеяның өкілеттіктері
Ассамблеяның мынадай өкілеттіктері бар:
а) бастамалар енгізеді және халықаралық нотариатқа қатысты саяси және ғылыми салаларда шешімдер қабылдайды және олардың орындалуын тиісінше Президентке, Басшылық Кеңеске немесе Бас Кеңеске тапсырады;
б) ХНО бағыттарын белгілейді және қызмет бағдарламасын бекітеді;
в) Жарғыдағы және Регламентегі өзгерістерді бекітеді;
г) мүшелерді қабылдайды және алып тастайды;
д) кез келген мүдделі және ұсынылған нотариалдық ұйымына бақылаушы мәртебесін береді;
е) комиссиялар құрады және жұмыс топтарын құру туралы өкімдер береді;
ë) ХНО Президентін, вице президенттерін, хатшысы мен қазынашысын, сондай-ақ 14-бапқа сәйкес қосымша мүшелерін сайлайды, Комиссия төрағаларын тағайындайды;
ж) Қаржылық Бақылау Кеңесінің мүшелерін тағайындайды;
з) ХНО мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, Бас Кеңес мүшелерін сайлайды;
и) ХНО-ның жай-күйі және қызметі туралы жылдық есепті бекітеді;
й) бір жылға арналған бюджетті және бухгалтерлік есептілікті бекітеді (оның ішінде лауазымды адамдар мен органдарды қаржыландыруды) сондай-ақ, әрбір мүше үшін жылдық жарнаның мөлшерін белгілейді;
к) Қаржылық Бақылау Кеңесінің есебін бекітеді;
л) Президентті қосқанда, Басшылық құрамның мүшелерін лауазымдарынан босатады;
м) еңбек сіңіргені үшін Орденмен наградтайды;
н) Жарғыда көзделген барлық шешімдерді қабылдайды.
II-БӨЛІМ: ПРЕЗИДЕНТ
12-бап – Функциялары мен өкілеттіктері
12.1. Президент ХНО-ның ресми өкілі, сондай-ақ оның бірлігінің кепілі болып табылады.
12.2. Басшылық Кеңеспен ынтымақтаса отырып, ол Ассамблея қабылдаған қызмет бағдарламасына сәйкес ХНО саясатын жүргізеді;
12.3. Президент Ассамблеяны, Басшылық Кеңесті және Бас Кеңесті шақыртады және оны басқарады.
12.4. Ол оған Жарғымен ұйғарылған басқа да функциялар мен міндеттерді атқарады.
III-БӨЛІМ: БАСШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ
13-бап – Функциялары мен өкілеттіктері
Басшылық Кеңес – бұл ХНО-ға басшылық ету және оны басқару органы.
а) ол Ассамблея қабылдаған бағдарлама шеңберінде ХНО қызметіне басшылық етеді және оның орындалуын қамтамасыз етеді;
б) ағымдағы істерді басқаруды жүзеге асырады және әкімшілік Хатшылықтың міндеттерді орындауын бақылайды;
в) Халықаралық ұйымдармен ынтымақтасу үшін ХНО өкілдерін тағайындайды;
г) Комиссия мүшелері мен бюросын (олардың төрағаларын қоспағанда) тағайындайды, сондай-ақ 17 ë және 17 ж-баптарының ережелеріне сәйкес белгіленген жұмыс топтарының құрамын бекітеді. Шұғыл қажеттілік болған жағдайда, өзінің бастамасы бойынша ad hoc (ерекше нақты тапсырмалар үшін) жұмыс топтарын құра алады.
д) қаржының жай-күйін бақылайды, егер бұл қажет болса, дереу жұмсалуы тиіс шығындарды бекітеді, одан басқа Ассамблеяның бекітілуіне шығарылатын жылдық есеп пен бюджетті құрастырады;
е) ХНО Регламентін қоспағанда, ережелер мен қағидалар жиынтығына өзгерістер бекітеді және енгізеді;
ë) мүше нотариаттар Ассамблеясының тапсырмаларына сәйкес басқа да функциялар мен міндеттерді атқарады.
14-бап – Құрамы
Дауыс беру құқығы бар немесе дауыс беру құқығы жоқ мүшелерінің саны ХНО мүшелерінің жалпы санынан үштен бір бөлігінен аспауы тиіс Басшылық Кеңес мынадай адамдардан тұрады:
а) дауыс беру құқығы бар мүшелері
- Президент
- вице президенттер
- қазынашы
- жоғарыда көрсетілген ықтимал шекке қол жеткізу үшін Ассамблея сайлаған Кеңестің қосымша мүшелері.
б) кеңесу дауыс беру құқығы бар мүшелері
- бұрынғы шақырылымның Президенті
- хатшы
- континенталды Комиссиялардың төрағалары
- Консультативтік Комиссияның (КК) төрағасы
- егер ол осы баптың а) тармағында көзделген лауазымды атқармаса, Халықаралық нотариалдық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның (ХНЫК) төрағасы
Басшылық Кеңестің құрамы барлық континенттердің және оның ішіндегі географиялық аймақтардың тең өкілдік етуін ескере отырып, қалыптастырылады.
15-бап – Отырыстары
15.1. Басшылық Кеңес жылына кемінде үш рет жиналады.
15.2. Президенттің бастамасы бойынша не болмаса шешуші дауысы бар кемінде мүшесінің өтініші бойынша қандай да бір шектеулерсіз кезектен тыс сессиялар өткізілуі мүмкін.
15.3. Қатысу квормуы – шешуші дауысы бар Басшылық Кеңес мүшелерінің көпшлігі, ал шешімдер қабылдау үшін дауыс беруге қатысатын көпшіліктің келісімі қажет. Ол үшін дауыстың екіден үш бөлігі қажет етілетін қаржылық мәселелерге бұл таралмайды. «Иә» және «қарсы» деген дауыстар тең болған жағдайда, Президенттің дауысы шешуші болып табылады.
IV-БӨЛІМ: БАС КЕҢЕС
16-бап – Функциялары
Бас Кеңес ХНО-ның консультативті органы, оның саяси және ғылыми ойы болып табылады.
17-бап – Өкілеттіктері
Бас Кеңестің мынадай өкілеттіктері бар:
а) өзінің бастамасы бойынша не болмаса Президенттің, Басшылық Кеңестің немесе Ассамблеяның өтініші бойынша Одақтың мүддесін қозғайтын барлық мәселелер және атап айтқанда, Ассамблея айқындаған қызмет бағдарламасымен және негізгі бағыттармен байланысты барлық мәселелер бойынша қорытындылар мен ұсынымдар береді.
б) өзінің бастамасы бойынша не болмаса Президенттің, Басшылық Кеңестің немесе Ассамблеяның өтініші бойынша латын типіндегі нотариатты қолдау, нығайту, дамыту және тарату үшін барлық мүмкіндіктерді зерделейді;
в) Басшылық Кеңестің қарауы және талқылауы не болмаса Ассамблеяның күн тәртібіне қосу үшін мәселелер ұсынады;
г) оның пікірі жаңа мүшелерді қабылдау кезінде міндетті түрде ескеріледі;
д) Жарғыға немесе Регламентке өзгерістер енгізу бойынша міндетті ұсынымдар береді;
е) Президенттің, вице президенттердің, қазынашының және шешуші дауысы бар Басшылық Кеңестің басқа да мүшелерінің лауазымдарына үміткерлерді іріктейді;
ё) континенталдық және континентаралық комиссиялардың мүшелерін, сондай-ақ олардың бюроларының мүшелерін іріктейді;
ж) өзінің бастамасы бойынша не болмаса Басшылық Кеңестің немесе Ассамблеяның өтініші бойынша жұмыс топтарын құрады;
з) комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметін бақылайды және үйлестіреді;
и) халықаралық нотариат Конгрестері үшін тақырыптарды таңдауды, сондай-ақ осындай конгрестердің ғылыми жұмыстарды ұйымдастыруын және өткізуін, олардың нәтижелерін кейіннен жариялауды бақылайды.
18-бап – Құрамы
18.1. Бас Кеңес мүшелерінің саны әрқайсысы кемінде бір үміткерді ұсыну құқығы бар ХНО мүшелерінің санынан 2 еседен артық аса алмайды. Осы шекте үміткерлер бүкіл шақырылым ішінде әрбір Ассамблеяда ұсынылуы мүмкін.
18.2. Бас Кеңестің мүшелерін Ассамблея таңдайды. Бұл ретте үміткер тиесілі нотариаттың ХНО-ға қосқан жалпы үлесі, сондай-ақ географиялық тепе-теңділікті сақтау қажеттілігі ескеріледі.
18.3. Кері қайтарып алу үшін елеулі негіздер болған жағдайларды қоспағанда, бас кеңесшінің мандаты екі шақырылым кезеңінде кері қайтарылып алмайды. Содан кейін ұлттық нотариат, егер бұған Ассамблеяның келісімі болса, мандатты әрбір кезекті шақырылмға қаншалықты қажет деп есептейді, соншалықты ұзартуды ұсына алады.
18.4. Ассамблея мүшелері жаңа кеңесшілер ретінде тек практикадағы нотариустар болып табылатын және ХНО немесе өз нотариаты шеңберінде халықаралық қызметке өз мүддесін растай алатын үміткерлердің ғана ұсынылуын бақылайды.
18.5. Бас Кеңестің үш отырыстарына қатыспаған Бас кеңесі автоматты түрде өз қасиетін жоғалтады. Дегенмен, Ассамблея ұлттық нотариаттың келісімімен оған құрметті кеңесшінің мәртебесін бере алады.
18.6. Егер тек ұлттық нотариат оның мандатын ұзартпаса, онда нотариус өкілеттіктерін түпкілікті тоқтатқан бас кеңесші ерікті түрде немесе ұлттық заңнамаға сәйкес рұқсат етілген шекті жасқа жетуі бойынша құрметті кеңесі болады. Бұл ретте нотариус бола тұра, ХНО-да өз қызметін тоқтатқан кеңесшіге де қатысты.
18.7. Өздерін сайлаған сәттен бастап Басшылық құрамның мүшелері бірмезгілде Бас Кеңестің мүшелеріне айналады.
18.8. Одақтың бұрынғы Президенттері 18.1-бапта көзделген шектеулерге қарамастан, Бас Кеңестің толыққанды құқылығы мүшелері болып табылады.
19-бап – Бас кеңесшілер мен олардың нотариаттарының міндеттері
19.1. Бас кеңесшілерде ұлттық нотариаттан міндетті тапсырмалары болмайды, бірақ олар өздерінің нотариаттарының тілектері мен проблемаларын хабарлайтын, Бас Кеңестің жұмысы туралы ақпараттандыра отырып, олармен тікелей байланыс орнату міндеті бар.
19.2. Мүше нотариаттар өздерінің кеңесшілері Бас Кеңесте өкілеттік еткен уақытында қаржылық тұрғыдан қолдау көрсетуілері тиіс.
20-бап - Отырыстары
20.1. Бас Кеңесті ХНО Президенті басқарады және оған жұмыста Хатшы мен Әкімшілік Хатшылық көмектеседі.
20.2. Әдетте, Бас Кеңес кезекті сессияға жылына екі рет жиналады, бұл ретте бірінші рет – екінші тоқсанның басында Басшылық Кеңеспен, ал екінші рет – Ассамблея қарсаңында.
20.3. Бас Кеңес кезектен тыс сессияға ХНО Президентінің, Ассамблеяның бастамасы бойынша немесе оның мүшелерінің үштен бір бөлігінің өтніші бойынша жиналады.
20.4. Отырыстардың күн тәртібін Президент Басшылық Кеңеспен өзара іс-қимыл жасаса отырып дайындалады.
21-бап – Дауыс беру рәсімі
21.1. Бас Кеңестің шешімдері оның мүшелерінің үштен бір бөлігінің қатысуымен кворум кезінде дауыстардың көпшілігімен қабылданады. «Иә» және «қарсы» деген дауыстар тең болған жағдайда, Президенттің дауысы шешуші болып табылады.
21.2. Дауыс беру құқығы басқаға беріле алмайды.
V-БӨЛІМ: ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ КЕҢЕСІ
22-бап – Функциялары, құрамы мен өкілеттіктері
22.1. Қаржылық Бақылау Кеңесінің (ҚБК) негізгі міндеті – ХНО-ның және оның әртүрлі құрылымдарының қаржылық жай-күйін тексеру, сондай-ақ оған өз бағасын беру.
22.2. Ол үш мүшеден тұрады, олардың біреуі Төраға болып табылады және оны Ассамблея мүше нотариаттардың ұсынуы бойынша Басшылық Кеңес пен Бас Кеңеске кірмейтін үміткерлерден сайлайды.
22.3. ХНО мүшелері бір шақырылымға таңдалады, кейіннен олар қайта сайлануы мүмкін.
22.4. Бұл орган Ассамблея үшін бухгалтерлік есеп құрастырады және жұмсалған шығындардың қаншалықты негізді болуына қорытынды шығарады. Ол үшін ХНО сарапшының көмегіне жүгінеді, ол өз кезегінде тиісінше ревизия жүргізеді.
III-ТАРАУ: ХНО БАСШЫЛАРЫ
23-бап – Санамалау
Президенттен басқа, Вице президенттер, Қазынашы және Хатшы ХНО басшылары болып табылады.
24-бап – Функциялары мен өкілеттіктері
24.1. ВИЦЕ ПРЕЗИДЕНТТЕР
24.1.1. Вице президенттер Президентке көмектесе отырып, өздерінің құзыреті аймақтарында атқарушылық функцияларды атқарады және оларға Басшылық Кеңес жүктеген міндеттерді орындайды.
Мынадай өңірлер бойынша вице-президенттер бар:
- Африка
- Солтүстік Америка, Орталық Америка және Кариб бассейні елдері
- Оңтүстік Америка
- Азия және Океания
- Еуропа
Вице-президенттер мүмкіндігінше өз аймақтарының континентальдық комиссияларын басқарады. Өзгеше жағдайда, Вице-президент пен Континентальдық комиссияның Төрағасы тығыз байланысты жұмыс істеуі және өз іс-әрекеттерін үйлестіруі тиіс, ал Вице-президент осы комиссия отырыстарының жұмысына қатысуы тиіс.
24.1.2. Вице-президенттердің басты міндеті – Халықаралық Одақ пен олардың қарамағына жататын нотариаттар арасында өзара ақпаратпен, орын алған проблемалармен және қажеттіліктермен алмасу болып табылады.
24.2. ҚАЗЫНАШЫ
Қазынашы шоттарды жалпы басқару, қажетті төлемдерді жүзеге асыру үшін жауап береді, ақшалай қаражаттың қозғалысын бақылайды және жыл сайынғы бухгалтерлік есеп пен бюджетті ұсынады.
24.3. ХАТШЫ
Хатшы әкімшілік секторды басқару үшін, сондай-ақ сыртқы қарым-қатынастарды дамыту үшін жауап береді.
25-бап – Президент, Вице-президенттер, Қазынашы және Хатшының лауазымына үміткерлерді тағайындау
25.1. Ассамблеяның егемендік құқығына сілтеме жасай отырып, Бас Кеңес ХНО-ның Президенті, Вице-президенттері, Қазынашысы лауазымдарына бір немесе бірнеше үміткерлер дайындайды.
25.2. Үміткерлер алдын ала өз нотариаттарының қолдауын алған, практикадағы нотариустар болуы тиіс және егер олар Бас Кеңесшілер болып табылмаса, ХНО немесе өз нотариаты шеңберінде практикада қатыса отырып, халықаралық істерге өздерінің мүдделілігін растауы тиіс.
25.3. Контингенттерді кезектілігі мақсатында жаңа Президент тек айрықша мән-жайлар кезінде ғана оның алдындағы Президент сияқты сол контингенттің өкілі болуы мүмкін.
25.4. Әрбір шақырылымның соңғы кезекті сессиясында Бас Кеңес әрбір үміткер бойынша дауыс берудің бірінші турында қатысқан барлық кеңесшілердің екіден үш бөлігінің көпшілігін алған үміткерлерді ұсынады. Мұндай көпшілік болмаған кезде екінші тур өткізіледі, оның уақытында жылжу үшін қатысқан кеңесшілердің жартысының дауысынан астамын алу жеткілікті болып табылады.
25.5. Хатшыны Президенттің ұсынуы бойынша Ассамблея тағайындайды және әдетте, ол өзі немесе оның географиялық аймағының нотариатынан болады.
26-бап – Президентті, Вице-президенттер мен Қазынашыны сайлау
26.1. Ұсынылатын барлық үміткерлер Ассамблеяның дауыс беруіне шығарылады.
26.2. Сайлану үшін үміткер бірінші немесе екінші тур уақытында жасырын дауыс беру кезінде дауыстардың көпшілігін алуы тиіс. Егер бірінші екі турда дауыстың көпшілігі алынбаса, онда үшінші турда дауыс беру құқығы бар және Ассамблеяға қатысушы мүшелердің «иә» деген жартысынан астам дауыстары жеткілікті болады. Егер үшінші турдан кейін де аталған лауазымдарға бір ниет білдірушіден астам адам қалса, келесі турда дауыстардың неғұрлым көп санын алған сайланған болып есептеледі.
27-бап – Өкілеттік мерзімі
ХНО Президенті мен Хатшысының мандаттары бір шақырылымға ұзартылады, ал Вице-президенттер мен Қазынашының өкілеттіктері келесі шақырылымның кезеңіне ұзартылуы мүмкін.
28-бап – Бос лауазым
28.1. Қайтыс болған, отставкаға кеткен немесе өзінің функцияларын тұрақты жүзеге асыруға қабілетсіз болған жағдайда, Президентті Президент тиесілі географиялық аймақтың Вице-президенті мандаттың соңына дейін алмастырады. Вице-Президент пен Қазынашы Президенттің, оның алдында болған және сол географиялық аймаққа тиесілі Бас Кеңес мүшесінің таңдауы бойынша, үміткерлерді өзінің жақын арадағы сессиясында мүше нотариаттардың Ассамблеясы бекіте отырып, алмастырылады.
28.2. Қайтыс болған, отставкаға кеткен немесе өзінің функцияларын тұрақты жүзеге асыруға қабілетсіз болған жағдайда, Президент 25.5-бапта көзделген өлшемшарттарды ескере отырып, оның үміткерін мүше нотариаттардың Ассамблеясының жақын арадағы сессиясында бекіте отырып, мұрагер таңдайды.
IV-ТАРАУ: ХАЛЫҚРАЛЫҚ НОТАРИАТ КОНГРЕСІ
29-бап – Мәні мен кезеңділігі
29.1. Халықаралық Нотариат Конгрестің мақсаты:
а) нотариатты тікелей немесе жанама қозғайтын құқықтық сипаттағы тақырыптарды жоғары ғылыми деңгейде зерделеу;
б) нотариаттар және кәсіп мүшелерімен пікірталастар жүргізу және тәжіриебемен алмасу үшін форум өткізу;
в) нотариат институтына құқықтық, саяси және әлеуметтік салаларда өзінің рөлі ммен тәжіриебесін көрсетуге мүмкіндік беру;
29.2. Ол әрбір шақырылымның соңғы төрт айы кезеңінде үш жылда бір рет өткізіледі.
V-ТАРАУ: ӨЗГЕ ДЕ ЕРЕЖЕЛЕР
30-бап – Шақырылым кезеңі
30.1. Әрбір шақырылымның ұзақтығы үш жыл.
30.2. Жыл ретінде 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығы түсіндіріледі.
30.3. Жарғымен көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін сайланған немесе тағайындалған кез келген адам мандатының ұзақтығы осы Жарғыда арнайы көзделген жағдайларды қоспағанда, бір шақырылымның ұзақтығына тең.
31-бап – Негізгі мәтін
Жарғының негізгі мәтіні оның француз тіліндегі нұсқасы болып табылады.
ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
Қазіргі уақытта Тұрақты Кеңесшілер болып табылатындардың барлығы Бас Кеңесшілер болады және өздерінің мандатын келесі шақырылымның аяқталуы бойынша, яғни 2010 жылғы 31 желтоқсанда өз нотариатының өкіміне береді және олар қайта сайлануы мүмкін. Бұл 2007 жылы Ассамблеяда сайланған Бас Кеңесшілерге қатысты емес, олар өз өкілеттіктерін 2013 жылдың 31 желтоқсанына дейін сақтап қалады. Бұрынғы шақырылымда сайланған және мандаттары қалпына келтірілмейтін Тұрақты Кеңестің қазіргі мүшелері осы Жарғының тиісті ережелеріне қарамастан, олардың өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ 2016 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей Бас Кеңесшілерге үміткерлер болып есептеледі. Содан кейін олар, егер қаласа, Бас Кеңестің немесе мүше нотариаттар Ассамблеясының отырыстарына қатысу құқығымен құрметті кеңесшілер болады.
Бас Кеңесшілерге үміткерлердің міндеттері мынадай болады:
- өз нотариаттарының қазіргі Бас Кеңесшілеріне көмек көрсету;
- дауыс беру қажет болған кезде, олар болмаған жағдайда алмастыру;
- қажет болғанда жұмыс топтарымен өз тәжіибесімен және білімімен бөлісу.
КҮШІНЕ ЕНУІ
Осы Жарғы Одақтығ мүше нотариаттары Ассамблеясы бекіткеннен кейін дереу күшіне енеді.
АҚШАНЫ ЖЫЛЫСТАТУҒА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕ НОТАРИУСТЫҢ РӨЛІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НОТАРИАТ ОДАҒЫ
Бұл не?
ХНО = Халықаралық Нотариат Одағы
1948 жылы 2 қазанда Буэнос-Айресте (Аргентина) 19 елдің нотариаттары құрған.
Ол немен айналысады?
ХНО әлемде нотариалдық кәсіпке жәрдемдесу, үйлестіру және дамыту үшін құрылған, барлық нотариаттардың мүддесін білдіретін үкіметтік емес ұйым болып табылады.
Ол қай жерлерді қамтиды?
2012 жылы ХНО-ны барлық контингенттерде 83 ел тани бастады.
Ол әлем халқының 2/3 және планетаның жалпы ішкі өнімінің 60% қамтиды.
Оның мүшелері кім?
ХНО-ға біріккен әрбір ұлттық нотариат:
- Нотариустарды оқыту, қадағалау және сапасы тұрғысынан әлемдік нотариаттың «стандартына» сәйкес келеді.
- Заңгерлік консультациялардың арқасында және нотариалдық шарттар үшін пайдаланушыларға өте жоғары қауіпсіздік деңгейін ұсынады, бұл сот талқылауларын елеулі түрде азайтады;
- Соттардың жүктемесін азайтады және мемлекетке сот төрелегін жүзеге асыруда елеулі үнемлеуге ықпал етеді;
- Нотариалдық актілердің еркін айналымы арқылы халықаралық сауда қарым-қатынастарына ықпал етеді;
- Нотариустардың жаһандық желісіне рұқсаты бар;
- Ішкі проблемаларды шешу үшін және қолдау алу үшін ХНО органдарынан көмек алады.
АҚШАНЫ ЖЫЛЫСТАТУ МӘСЕЛЕСІ
Ақшаны жылыстату қылмыстық әрекеттен алынған қаражатты болашақта жұмсауды заңды қылдыру үшін қаржыландырудан, жылжымайтын мүлікке немесе басқа да нәрсеге инвестициялаудан тұратын процесс болып табылады. Осының бәрі жасырын жүзеге асырылатындықтан, мұндай қызмет түріне сандық баға беру қиынға соғады.
Дегенмен, көптеген халықаралық ұйымдап осы проблеманы кеңеюіне баға береді. Мысалы, Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) бағалауына сәйкес жылжытуға жататын ақша саны жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 2% до 5% құрауы мүмкін.
АҚШАНЫ ЖЫЛЖЫТУҒА ҚАРСЫ КҮРЕС
Бүгінгі күні ақшаны жылжыту процесі салықтар төлеуден жалтырудың және сыбайлас жамқорлықты және бүкіл әлем бойынша шиеленіс ошақтарын (қарулы қақтығыстар мен терроризмді) қаржыландыру үшін қосымша қаражат табудың неғұрлым тиімді тәсілдеріне айналып, күшеюде. Содан беру өз мекемелерін, аумағын, халқы мен экономикасын қорғауға ұмтылған мемлекеттерге осы құбылысты тоқтату үшін шаралар қабылдау қажеттілігі туындады.
Осы қозғалысқа қатысқан үкіметаралық ұйымдардың арасында 1989 жылы құрылған, Ақшаны жылыстатуға қарсы қаржылық іс-әрекет обы (АЖҚҚІТ) капиталды жылыстатуға қарсы күресудің іс-әрекет жоспарын әзірлеп, оның ұсынымдарына сәйкес ұлттық заңнамаға сәйкестігін бағалау әдістемесін енгізді.
Еуропалық одақта 2001 жылғы 4 желтоқсандағы Директива нотариустар мен құқықтық мәселелер жөніндегі тәуелсіз мамандарды ақшаны жылыстатуға қарсы күрес ережелеріне түсетін етіп қарастырады.
Нотариус үшін клиенттердің интернационализациясы, пайдаланатын әдістердің күрделілігі, инвестициялаудың әртүрлі мүмкіндіктері олардың заңсыз жолмен алынған ақша проблемасымен жиі кездесуіне әкеп соқтырады.
НОТАРИУС: ОСЫ КҮРЕС ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА
Нотариустың ақшаны жылыстыру әдістері мен оған қарсы күрес тетіктерін білуі қажеттілікке айналды. Расында да, олардың авторлары пайдаланатын тетіктер мен тәсілдеп әртүрлі, демек, олар бизнес және жылжымайтын мүлік әлемінен алынған және нотариалдық қызмет алаңы болып табылады.
Ақшаны жылыстату бойынша өз операцияларын іске асыру үшін қаржылық емес кәсіптерге жүгінетін адамдардың арасынан ақшаны жылыстату үрдісі байқалғандықтан, нотариус рөлі одан әрі маңызды бола бермек.
Одан басқа, жалған компанияларды, оның ішінде жылжымайтын мүлік бойынша пайдалану олар пайдаланатын негізгі тәсілдердің бірі болып табылады.
Нотариус өзінің лауазымдық тұлғасының мәртебесі бойынша жылжымайтын мүлікпен құқықтық мәмілелер және компаниялардың іс-әрекет ортасында жүреді, және олар өз кезегінде ақшаны жылжыту бойынша операциялардың маңызды арналарының бірі болып табылады. Сондықтан, ол ақшаны жылыстатуға қарсы күрес бойынша мемлекеттік шаралардың өте маңызды бөлігін қамтиды.
АҚШАНЫ ЖЫЛЫСТАТУҒА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕ НОТАРИУСТЫҢ РӨЛІ
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестегі нотариалдық құралдар
Капиталды жылжытуға қарсы күресте нотариус өз функцияларының ажырамас мүмкіндігін ұсынады, олар: куәландырушы актінің ашықтығы және нотариус өз қызметін жүзеге асыратын округте тіркеу міндеттілігі операцияның және пайдаланатын қорларды кері қайтарып алу мүмкіндігін жоюды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, тергеуді жеңілдетеді.
Ол «дабыл» сигналын ала отырып, «заңдылық саласына кірудің» кепілі болып табылады.
Көптеген елдердің нотариалдық мекемелері өз іштерінде капиталды жылыстатуды болдырмау бойынша орталықтандырылған органдар енгізді, олар нотариустарға қызметінде көмек көрсете отырып, бүкіл процесс барысында нотариустардың құпиялылығына кепілдік береді.
Нотариус сондай-ақ мемлекеттік органдар жеке деректерді тек осы күрестің мақсаттары мен міндеттерін нақты регламенттеу шеңберінде ғана пайдаланатындай етіп, кез келген рәсімнің кәсіби құпия мен азаматтың кепілдіктерін сақтауын қадағалайды.
Осылайша, біз нотариатқа тән сипаттамалар капиталдарды жылыстатуға қарсы күрес шеңберінде үлкен үлес қосатынын дәйектейміз.
НОТАРИУС ЖӘНЕ ТАРИФТЕР
Нотариалдық тарифтің әлеуметтік мүддесі
Нотариалдық тариф нотариат қызметі болып табылатыг, жалпы қызығушылық тудыратын қызметтерге жақсы ықтимал экономикалық жағдайларда пайдаланушылардың неғұрлым көп саны рұқсат алуы үшін қажет болып табылады.
Нотариалдық тариф, әдетте, дегрессивті, құнының елеулі түрде бәсекеге қабелетті бола тұра, азаматтардың нотариустың қызметтеріне рұқатын жеңілдете отырып, әртүрлі актілердің санаттары арасында теңестіруге әкеп соғады.
Ол жекешелендірілген құқықтық және салиқалы көмекті, неғұрлым елеулі капиталдар туралы сөз болып отырған актілер үшін сыйақыларды құрайды және өзіне шығын келтіре отырып ресімделетін қарапайым актілердің шығыстарын өтеуге мүмкіндік береді.
ТАРИФТІҢ БОЛМАУ ҚАУІПТІЛІГІ
Нотариалдық тарифтің болмауы мандай елеулі қауіп-қатерлерге әкеп соғады:
- Кәсіпқойлар арасындағы бәсекелестік қызмет көрсету сапасына емес, оның құнына негізделеді. Осылайша, кәсіпқой қызметтердің сапасына зиян келтіре отырып, олардың бағасын төмендетуге ұмтылады, бұл ретте:
- заңгерлік қызметтер мәтіндердің көптілігіне және оларды іске асыру күрделілігіне байланысты неғыұрлым қиындық тудырады;
- еркін бағаның құрылуы сондай-ақ ол қажет елігенде куәландырылған актіні құрастыру туралы нотариустарға салынған міндеттеменің тиімсіздігіне әкелуі мүмкін: нотариус енгізген құн оның қызметтерін клиент үшін қожетімсіз қылдыруы мүмкін.
- Одан басқа, нотариалдық тариф нотариалдық жүйеден айырылған елдерде кәсіпқойлардың араласу құнынан көп жағдайда арзанырақ екенін көрсетеді.
БАСҚА ТАРИФТЕРДІҢ СЫЙЫМДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚҰҚЫҒЫ
Тариф туралы мәселеде кейбір халықаралық институттар өздері осы екі ұғымның сыйымдылығын мойындайды.
Мысалы, бұл сыйымдылық Еуропа Одағының жұмыс істеуі туралы шарттың өзінің нәтижесі болып табылады, онда 106-бап жалпы экономикалық маңызы бар қызметтерді басқару жүктелген кәсіпорындар осы ережелерді қолдану оларға арнайы тапсырылған міндетті заңгерлік тұрғыдан немесе іс жүзінде орындауға кедергі келтірмейтін шекте бәсекелестік қағидаларына бағынатыны көзделген.
Ол Еуропа Одағының Сотымен расталған болатын, онда 2006 жылғы 5 желтоқсандағы қаулыда адвокаттардың барынша аз тарифінің орын алуы, егер олар тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сот төрелігін тиісінше жүзеге асыру мақсаттарына жауап берсе, орын алу орынды деп саналады.
Егер осы қағидаттар адвокаттарға қолданылса, олар алдағы уақытта нотариустар, мемлекет тағайындайтын және бақылайтын лауазымды тұлғаларға да қолданылуы мүмкін екені анық.
НОТАРИУСТАР САНЫН РЕТТЕУ
ҚАЖЕТТІЛІКТЕН ТУЫНДАҒАН РЕТТЕУ
«Numerus clausus» терминін пайдалану қате болып табылады. Жыл сайын нотариалдық мекемелері бар көптеген елдерде жаңа нотариустар қаланың немесе өңірдің экономикалық дамуына және халық санының өсуіне байланысты қажеттілік туындаған жерде тағайындалады. Осылайша, «numerus regulatus» туралы айтқан жөн.
ОНЫҢ МӘРТЕБЕСІНЕН ТУЫНДАҒАН РЕТТЕУ
Нотариус мемлекеттік мөрі бар және оның атынан билікті (жұртшылықтың сенімі, дәлелдеу күші, талап-арыз күші) жүзеге асыратын лауазымды тұлға болып табылады. Мұндай миссия орналасу еркіндігімен үйлеспейді, ол мемлекеттік билік тарапынан кез келген бақылауға кедергі келтіріп отырады.
Нотариустарды тағайындау және олардың саны мен орналастыру жерін мемлекеттік билік мемлекеттің егемендігін берумен байланысты нотариалдық миссияның ерекшелігін ескере отырып, кәсіби ұйымдардың келісімімен шешуі тиіс.
ОНЫҢ МИССИЯСЫНАН ТУЫНДАҒАН РЕТТЕУ
Бәсекелестіктің тым көп болуы нотариус мемлекеттің атынан атқаратын мемлекеттік қызмет миссиясымен сәйкес келмейтін теріс пайдалануға міндетті түрде әкеп соғады. Бұл миссия барлық азаматтарға жалпы қызығушылық тудыратын қызметке рұқсат алуға мүмкіндік беруі тиіс. Нотариустың ымырасыздығы және ресми құжаттарды құрастыру міндетімен ол көрсетуі тиіс жалпы қызығушылық тудыратын қызмет қандай да бір шектеулерден айырылған санмен құрылған экстремалдық жағдайға шыдамас еді.
КЕЗ КЕЛГЕН АУМАҚТА ҚҰҚЫҚҚА ЕНУДЕН ТУЫНДАҒАН РЕТТЕУ
Нотариустерге өздері ниет білдірген жерде еркін орналасуға мүмкіндік беру олардың санының қалаларда тығыздалуына және ауылдық жерлерде азаюына әкеп соғушы еді. Ауылды жерлерде нақты мемлекеттік қызметке қажетті заңгерлік желінің тығыздығы да кейіннен жоғалып кетуші еді.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ТУЫНДАҒАН РЕТТЕУ
Нотариустерді тағайындауды либерализациялау жүйелі қайта реттеуді қайта қараудың ағымдағы үрдісіне қайшы келеді. Нотариалдық мекеме бар бүкіл жерлерде нотариустарды экономикалық дамумен байланысты нақты жоспарға сәйкес Мемлекет тағайындайды. Ол қажеттіліктерге сәйкес олардың санын ұдайы көбейтуге мүмкіндік береді. Нотариустардың санына шектеулер болған кезде оларды орналастыру орындарын (министрлік шешім) және олар жүзеге асыратын қызметті (инспекциялар) қатаң бақылауды жүзеге асыру мүмкін емес.
Нотариалдық контораларды орналастыру мынадай үш қағидаттарға сүйене отырып, Әділет министрлігінің бақылауымен ұдайы бейімделуден өтуде:
- Құқықтық қызметті жақын жерде сақтау,
- Экономикалық, географиялық және демографиялық өзгерістерді назарға алу қажеттілігі;
- Сапалы қызметті қамтамасыз ету үшін кәсіпті жүзеге асырудың экономикалық жағдайлары.
НОТАРИУСТЫҢ ҚҰРАЛЫ: КУӘЛАНДЫРЫЛҒАН АКТ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Нотариус құзыретінің аясы - түпнұсқалық. Куәландырылатын акт мынадай кепілдіктерді қамтиды, олар: нақты күні, дәлелдеу күші, атқарушылық күші. Бұл ретте сөз біздің қоғамның қажеттіліктеріне бейімделген құқықтық құрал туралы болып тұр, яғни жеке тұлға еркіндігін қорғауғ экономикалық мүддені қорғау және ашықтық (бұл мемлекеттік ақпараттандыруға мүмкіндік береді).
Бұл ол ұсынатын тиімді дәлелдеу арқылы құқықтық қауіпсіздік құралы. Ол Тараптардың сәйкестігі мен іс-әрекетке қабілеттілігін және акті мазмұнының заңдылығын қамтамасыз етеді.
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕМДЕГІ НОТАРИУСТЫН ҚҰЗЫРЕТІ
Нотариустың тәуелсіздігі мен ымырасыздығы - құқықтық қауіпсіздік кеңістігі мен экономикалық өсу үшін құқықтық тәртіптің кепілі болып табылады.
ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ МҰРАГЕРЛІК ҚҰҚЫҒЫ
Нотариалдық қызметтің бұл дәстүрлі саласы әлеуметтік тұрғыдан елеулі өзгерістерді кешірді, олар бір жағынан жаңа отбасы құрылымдарының пайда болуымен, екінші жағынан халықтың орташа өмір сүру ұзақтығының ұлғаюымен байланысты.
- Некеге дейін немесе неке уақытында неке келісімшарттарын құрастыру үшін нотариустың айрықша құзыреті оған өзінің мүліктік өмірін ұйымдастырғысы келген екі жұптың айрықша әріптесі болуға мүмкіндік береді. Кейбір мемлекеттер азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының қызметшілері сияқты азаматтық некелерді тіркеу мәселелерінде нотариустың құзыретін мойындаған.
- Отбасының арнайы консультанты ретінде нотариус барлық контингенттерде әрекет ететін мұрагерлік құқығында айрықша құзыретке ие тұлға екені де айқын.
Осындай қарапайым қызмет салаларынан басқа, нотариат мынадай әлеуметтік дамудан өтті:
- Халықтың қартаюын назарға ала отырып, көптеген заңгерлер өзінің болашақтағы ықтимал іс-әрекетке қабілетсіздігін ұйымдастыруға әркімге мүмкіндік бере отырып, болашақ қорғау үшін өкімдер шығаруда. Мұндай өкімдер үшін клиенттер негізінен нотариуске жүгінеді.
- Бүкіл елдерде ажырасу санының көбеюіне, сондай-ақ олардың көбісін келісілген түрде ретке келтіруге байланысты көптеген заңгерлер осы салада әрекет ететін адам ретінде нотариусты қарастырады.
- Тіркелген әріпстестер мен әріптестердің мүлкімен байланысты қиындықтар үшін нотариус өздерінің мүліктік қарым-қатынастарын ресімдеуге және болашақты болжауға көмектесе алады.
КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ
Бұл де нотариустар маңызды рөл атқаратын сала. Расында да көптеген елдер нотариустарға серіктестіктерді құру және тарату, сондай-ақ олардың жарғыларына өзгерістер енгізу жөніндегі құзыреттер берді.
Нотариус кәсіпкерге оның нақты жағдайына анағұрлым сәйкес келетін құқықтық және салық режимін ұсына алады.
НОТАРИУС ЖӘНЕ ҚҰЗЫРЕТІ
ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІККЕ ҚҰҚЫҚ
Бұл нотарус қызметінің тағы да бар негізгі бағыттарының бірі. Сатып алу -сату актісінің толыққанды тиімділігін қамтамасыз ету және оны даулап алу немесе күшін жоюды болдырмау үшін нотариус шаралар қабылдаайды, рұқсаттар алады, құжаттар жинайды және т.б.
Ол келісімді жасасудан бастап оны мемлекеттік тіркегенге дейін мәміленің барлық сатыларында әрекет ете отырып, жылжымайтын мүлікке меншікті беру кезінде ерекше қауіпсіздікті ұсынады.
ДЕЛДАЛДЫҚ
Қақтығыстарды болдырмауда және делдалдықта нотариустың қызметі салыстырмалы түрде жаңа қызмет саласы болып табылады. Ұдайы кеңейе отырып, бұл сала нотариалдық мәдениетке тән және біруақытта сот талқылауы мен шығыстарды болдырмай, мемлекеттік органдардың соттардың жүктемесін азайту ниетін біріктіреді. Көптеген елдерде заңгерлер нотариат соттарға қосымша достық қарым-қатынастағы сот әділдігін жатқызуды ұсынды.
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Бес контингенттегі көптеген нотариустар электрондық нотариалды актіні тануды енгізді. Осы салада нотариустар жинаған тәжіриебе мемлекеттің артықшылықтары бар: кадастр, салық, жылжымайтын мүлікпен мәмілелердің ашықтығы, саудада, банктерде және т.б. сияқты қызметтерімен байланысты дамытуға мүмкіндік берді.
Осындай жаңа байланыстар әкімшілік кедергілерді орындау мерзімдерін барынша қысқартып және қателерді елеулі түрде азайта отырып, азаматтарға көрсетілетін қызметтерді елеулі түрде жақсартты.
Перевод на казахский - Центр языковых переводов « GMC Translation Service »