2001 жылы Республикалық нотариаттық палата құрған ғылыми-тәжірибелік журнал «Бюллетень нотариуса» шығарыла бастады, бұл бюллетень нотариустардың кәсіби дайындығын жоғарлау мен жақсартуға, тәжірибе мен пікір алмасуға арналған. 2006 жылдан бастап журналда мемлекеттік тілде мерзімдік мәліметтер және консультациялар басылып отыр, олар басылымның 30-40 % құрайды.
«Бюллетень нотариуса» - қазақстандық нотариаттың ғылыми-тәжірибелік журналы болып табылады.
Журналда отандық нотариаттың қазіргі жағдайы, оның мәселелері мен шешу жолдары және теориясы туралы сұрақтар баяндалады.
Әрбір нотариусқа маңызды деректерді, оның ішінде нотариаттық тәжірибедегі өзекті мәселелерді, әсіресе жеке нотариаттық іс-әрекеттерді жасау барысында туындайтын сұрақтар бойынша ұсыныстарды осы журналдың беттерінен кездестіруге болады.
Журнал нотариустарға және басқа да заңгерлерге тәжірибелік қызметте және ғылыми ізденісте пайдалы болар және көпшіліктің көңілінен шығады деп үміттенеміз.
Сіздерді қазақстандық нотариаттың бірден бір ғылыми-тәжірибелік басылымы - «Бюллетень нотариуса» журналының мазмұнын құрастыруға және жақсартуға шақырамыз. Автор ретінде өз күштеріңізді сынап көріңіздер. Жас маман, ғалым, нотариустарға материалдарды дайындауға көмектесіп көріңіздер. Тұрақты іс-тәжірибе алмасу, кәсіби пікірталас және мәселелерді ашық талқылау Қазақстан территориясында біркелкі нотариаттық тәжірибе құруға өз септігін тигізеді деп сенеміз.