Нотариустардың біліктілігін көтеру Орталығы желтоқсанның 18-і мен 25-і аралығында қашықтық нысаны бойынша оқыту әдісін пайдалана отырып, «Нотариустардың құқық қолдану тәжірибесіндегі өзекті мәселелері» атты Астана, Алматы қалалары және Ақтөбе облысы нотариустарына арналған вебинар курстарын ұйымдастырады.

Тікелей қосылым тәртібі бойынша курстар алғашқы рет өткіздіріледі, яғни, нотариустар жұмыс орнынан бөгелмей семинар жұмыстарына қатыса алады.
Оқыту барысында дәрістерді толықтай тыңдап шығу және тікелей қосылым тәртібі бойынша сұрақтарды қою арқылы талқылауларға қатысу мүмкіндігі туады.
Жоспарда интернет технологиялардың құралдарын іске асырып, практик мамандардың қатысуымен вебинарларды жүйелі түрде ұйымдастыру көзделген.