- Подробности
- Просмотров: 241

2026 жылғы 15 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты және «Халықаралық заңгерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Конституциялық реформа: заңнаманы және мемлекеттік басқаруды дамытудың заманауи үрдістері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
- Подробности
- Просмотров: 287

Экономист әрі қоғамдық сарапшы Ануар Нұртазин Қазақстан нотариустарының нотариат қызметін одан әрі цифрландыруды және нотариаттық іс жүргізудің жекелеген тетіктерін өзгертуді көздейтін заң жобасына қатысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және мемлекеттік органдарға жолдаған ұжымдық үндеуін қолдады.
- Подробности
- Просмотров: 251

Республикалық нотариаттық палата алаяқтық әрекеттердің алдын алудағы және азаматтардың мүліктік құқықтарын қорғаудағы нотариустардың маңызды рөліне назар аударады
- Подробности
- Просмотров: 194

Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы Олег Полумордвинов «Заң газетінің» тілшісіне нотариат қызметі және заң көмегі мәселелері жөніндегі заң жобасының негізгі жаңалықтары, цифрлық сервистерді дамыту, атқарушылық жазба институтын жетілдіру және нотариаттың даму перспективалары туралы айтып берді.
- Подробности
- Просмотров: 194

Алматы қаласы нотариаттық палатасының төрайымы, Республикалық нотариаттық палата Басқарма мүшесі Қарагөз Қалабаева нотариаттық қызметті одан әрі цифрландыру мәселелеріне, қашықтық форматта нотариаттық қызметтер көрсету перспективаларына, сондай-ақ «Нотариат туралы» заңнамаға енгізілетін өзекті өзгерістерді талқылауға арналған 24KZ телеарнасының News Talk
- Подробности
- Просмотров: 225

Бүгін, 2026 жылғы 9 маусымда Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы Олег Полумордвинов 24KZ телеарнасындағы «News Talk» бағдарламасына қатысты. Бағдарлама жүргізушісі Динара Жанбатыровамен сұхбат барысында Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының қарауына жолданған «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.
Эфир барысында атқарушылық жазба институтын жетілдіру, нотариаттық қызметтің ашықтығын арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері қозғалды.
- Подробности
- Просмотров: 254

2026 жылғы 4-5 маусымда Екатеринбург қаласында «Құқық пен технологиялардың синтезі: технологиялық көшбасшылыққа апарар жол» тақырыбында XIX Еуропа-Азия құқықтық конгресі өтті.
- Подробности
- Просмотров: 257

2026 жылғы 5 маусымда Республикалық нотариаттық палата Maqsut Narikbayev University (MNU) Құқық жоғары мектебінің Бизнес кеңесінің отырысына қатысты. Іс-шара заңгерлік білім беруді трансформациялау және құқық саласына жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелеріне арналды.
- Подробности
- Просмотров: 216

2026 жылғы 3 маусымда Қазақстан Республикасының төрағалығымен Халықаралық нотариат одағының (ХНО) Азия комиссиясының кезекті отырысы өтіп, онда нотариустардың өсиеттерді куәландыру мәселелері талқыланды.
Отырысты Халықаралық нотариат одағы Азия комиссиясының 2026-2028 жылдарға арналған президенті, Қазақстан Республикасының Республикалық нотариаттық палатасының төрағасы Олег Полумордвинов ашты. Ол қатысушыларға қошемет білдіріп, мұрагерлік құқық пен нотариат қызметі саласындағы тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.
- Подробности
- Просмотров: 439

Бүгін, 3 маусымда, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын екінші оқылымда мақұлдады.
- Подробности
- Просмотров: 246

2026 жылғы 29-31 мамыр аралығында Солтүстік Қазақстан облысының нотариаттық палатасы Қызылжар ауданының Большая Малышка ауылында Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының нотариаттық палаталарының командалары қатысқан жолдастық матч ұйымдастырды.
Іс-шараның ашылуында қатысушыларға Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы Олег Полумордвинов пен Солтүстік Қазақстан облысы нотариаттық палатасының төрағасы Гүлмира Оспанова құттықтау сөз сөйледі.
- Подробности
- Просмотров: 269

2026 жылғы 28 мамырда Ресей Федерациясының Мәскеу облысы Истра қаласында Мәскеу облыстық нотариаттық палатасының тұңғыш президенті Владимир Челышевтің құрметіне арналған III Халықаралық ғылыми-практикалық «Челышев оқулары» конференциясы өтті.
- Подробности
- Просмотров: 294

2026 жылғы 21 мамырда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысынан кейін Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Республикалық нотариаттық палата төрағасы Олег Полумордвиновты нотариат қызметі мәселелері бойынша заң жобасын талқылауға арналған ашық сараптамалық эфирге шақырды.
- Подробности
- Просмотров: 476

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен пленарлық отырыста нотариат қызметі мәселелері жөніндегі заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
- Подробности
- Просмотров: 149

2026 жылғы 20 мамырда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің нотариат қызметі саласындағы Базалық ұйымының вебинары өтті. Іс-шара нотариаттың цифрлық трансформация жағдайындағы дамуы мен жаңа технологияларды енгізу мәселелеріне арналды.
- Подробности
- Просмотров: 829

Бүгін, 20 мамыр күні, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының пленарлық отырысы өтіп, онда «Соттардың мұрагерлік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулының жобасы қаралды. Пленарлық отырысқа Республикалық нотариаттық палата атынан атқарушы директор Гүлнара Рыспекова қатысты.
- Подробности
- Просмотров: 355

Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы Олег Игоревич Полумордвинов «Заң газетіне» сұхбат беріп
- Подробности
- Просмотров: 555

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының 10 жылдығына орай «ХХІ ғасырдағы судьялардың үздіксіз білім алуы: сот төрелігінің сапасын арттырудың негізі ретінде ғылым мен практиканың интеграциясы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар судьялардың үздіксіз білім беру жүйесін жетілдіру, жас ғалымдардың зерттеу әлеуетін дамыту, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің нәтижелерін құқық қолдану практикасына енгізу мәселелерін талқылады.
- Подробности
- Просмотров: 480

15-16 сәуірде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алаңында Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы (ГРЕКО) сарапшыларының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен кәсіптік қоғамдастығының өкілдерімен екіжақты кездесуі өтті.
- Подробности
- Просмотров: 439

2026 жылғы 16 сәуірде РНП Жарғысына сәйкес Республикалық нотариаттық палатаның кезектен тыс ХХ Съезі өтті.
