Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында қаралуда.
2026 жылғы 12-23 маусым аралығында заң жобасы Сенаттың жұмыс топтарының отырыстарында және бірқатар комитеттерінде қаралды. Атап айтқанда, заң жобасы Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінде, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде, сондай-ақ Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде талқыланды.
2026 жылғы 23 маусымда Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысы өтіп, аталған заң жобасы қаралды.
Республикалық нотариаттық палата заң жобасын талқылау шеңберінде Сенаттың жұмыс топтары мен комитеттерінің отырыстарына қатысты.
Ендігі кезекте заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының пленарлық отырысында 2026 жылғы 29 маусымда қарау жоспарланған.
