Атырау қаласында өткен «Ғаламның барлық ғажайыбы» атты зияткерлік квизде нотариустардан құралған «Жеті жарғы» командасы бірінші орын иеленді.
Атырау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұйымдастырған сайысқа төрт команда қатысты. Олардың құрамында нотариустар, Әділет департаментінің өкілдері, сот орындаушылары және сот-медициналық сараптама мамандары болды.
«Жеті жарғы» командасының құрамында Күзембаев Нұрлан, Кенжебек Айнамкөз, Лайкова Лиза және Лукпанова Лаура өнер көрсетті. Команда сайыс барысында білімін, зеректігі мен тапқырлығын көрсетіп, бірінші орынға ие болды.
Республикалық нотариаттық палата атыраулық әріптестерді жеңіспен құттықтайды!
25.11.2026
Атыраулық нотариустар зияткерлік сайыста бірінші орын алды
Атырау облысының нотариаттық палатасы · Жаңалықтар
