Мәзір
Басты бет Қабылдауға жазылу Кіру
20.11.2026

РНП Басқармасы РНП-ның кезектен тыс XXI съезінің күн тәртібін бекітті

РНП · Жаңалықтар
РНП Басқармасы РНП-ның кезектен тыс XXI съезінің күн тәртібін бекітті

Республикалық нотариаттық палата Басқармасының отырысы өтті. Отырыста РНП-ның кезектен тыс XXI съезіне дайындық, «Е-нотариат» цифрлық жүйесін сүйемелдеу жөніндегі шарт жобасы және нотариустардың бірінші республикалық конференциясын өткізу мәселелері қаралды.
Бірінші мәселе бойынша Басқарма 2026 жылғы 23 желтоқсанда өтетін РНП-ның кезектен тыс XXI съезінің күн тәртібін бекітті. Съездің қарауына мынадай мәселелер шығарылады:
1.    «Нотариат туралы» Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, Республикалық нотариаттық палатаның Жарғысын жаңа редакцияда қабылдау және бекіту туралы.
2.    Аумақтық нотариаттық палатаның үлгілік жарғысын қабылдау және бекіту туралы.
3.    Аумақтық нотариаттық палаталардың Республикалық нотариаттық палатаға төлейтін мүшелік жарналарын бекіту туралы.
4.    Республикалық нотариаттық палата Басқармасының мүшелерін сайлау туралы.
5.    Республикалық нотариаттық палата жанынан Ғылыми-консультативтік кеңес құру туралы.
Екінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен келіп түскен «Е-нотариат» цифрлық жүйесін сүйемелдеу және әкімшілендіру қызметтерін көрсету туралы шарт жобасы қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша Басқарма ұсынылған шарт жобасын қолдамады.
Сондай-ақ Басқарма нотариустардың бірінші республикалық конференциясын 2026 жылғы 14 желтоқсанда Астанада өткізуді бекітті.

Жаңалықтарға оралу