Мәзір
Басты бет Қабылдауға жазылу Кіру
18.11.2026

Қарағанды облысының нотариустары РНП төрағасымен тәжірибедегі өзекті мәселелерді талқылады

РНП
Қарағанды облысының нотариустары РНП төрағасымен тәжірибедегі өзекті мәселелерді талқылады

2026 жылғы 18 қарашада Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы Олег Полумордвинов Қарағанды облысының нотариустарымен онлайн кездесу өткізді. Оған 100-ден астам нотариус қатысты.
Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті. Нотариустар күнделікті тәжірибеде туындайтын жағдайлар бойынша сұрақтарын алдын ала жолдап, кездесу барысында РНП төрағасының түсіндірмелерін тыңдады.
Талқыланған тақырыптардың бірі – сенімхаттарды рәсімдеу кезінде банктермен және микроқаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау.
Қатысушылар қаржы ұйымдарының құжаттардың мазмұны мен нысанына қоятын талаптары, өздері ұсынатын үлгілерді қолдану және нотариаттық әрекеттер жасау кезінде нотариустың тәуелсіздігін сақтау мәселелерін көтерді.
Нотариаттық әрекеттер жасау қағидаларының жаңартылған нормаларын қолдануға ерекше назар аударылды. Сенімхаттарды, келісімдерді және некеде тұрмайтыны туралы мәлімдемелерді қашықтан куәландыру, осы форматта рәсімдеуге болатын құжаттардың түрлері және оларды шетелде пайдалану мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ нотариустар кәмелетке толмағандардың мүлікті сыйға тартуы, бірнеше тұлға берген сенімхаттың күшін жою және азаматтың борышкер мәртебесі болған кезде мүлікке билік етуге арналған келісімдер мен сенімхаттарды рәсімдеу жөнінде сұрақтар қойды. Нотариаттық қызмет ақысын қолма-қол ақшасыз қабылдау және түскен қаражатты салықтық есепке алу мәселелері де қозғалды.
Тікелей диалог өңір нотариустарының жұмысында кездесетін қиындықтарды талқылауға және қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелерді айқындауға мүмкіндік берді. Мұндай кездесулер РНП-ның нотариустармен кері байланысын нығайтып, олардың ұсыныстары мен сұрақтарын түсіндіру және әдістемелік жұмыста ескеруге көмектеседі.

Жаңалықтарға оралу