Жеңіс Күнін мерекелеу күндері Қазақстанның нотариаттық қоғамдастығы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай өңірлерде өткен түрлі салтанатты іс-шараларға белсенді қатысты.
Жеңіс күні – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халқымыздың өлмес ерлігі мен шексіз қаһармандығын еске салатын айтулы мереке.
Шымкент қаласының нотариустары Жеңіс күніне орай Шымкент қаласы Абай саябағында орналасқан Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткен жауынгерлердің құрметіне орнатылған «Даңқ» мемориалына гүл шоқтарын қойды.
Жиынға қатысушылар Жеңіс жолында ерлікпен шайқасқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Алматы қаласының нотариустары мен нотариаттық палатасы Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның халық батыры Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
ПБатырларды Батыс Қазақстан облысының нотариустары да еске алды: Орал қаласында «Мәңгілік алау» мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Нотариустар мүгедектер мен қарттар үйіне де барды.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Солтүстік Қазақстан облысының нотариустары қаза тапқан батырларды еске алып, Петропавл қаласындағы «Мәңгілік алау» мемориалына гүл шоқтарын қойды.