17 қаңтарда Республикалық нотариаттық палатаның Басқарма мүшелері бір жылдағы жұмысты қорытындылады, сондай-ақ Басқарманың есепті отырысы шеңберінде қоғамдастық үшін бірқатар маңызды шешімдер қабылдады.
Төрайым Әсел Жанәбілова Республикалық нотариаттық палатаның 2024 жылғы жұмысы туралы ақпаратпен сөз сөйледі. Ол РНП жұмысының өзекті бағыттарын белгілеп, 2024 жылы нотариат саласындағы маңызды заңнамалық өзгерістер туралы айтты.
Сондай-ақ Басқармада РНП Тәртіптік комиссиясының есебі тыңдалып, диском туралы Ереженің қолданыстағы редакциясына өзгерістері талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша 2024 жылғы Республикалық нотариаттық палатаның қызметі туралы ақпарат; 2024 жылғы АНП қорытынды ақпаратарынын қорытуы; 2025 жылға арналған Республикалық нотариаттық палатаның жұмыс жоспары; 2025 жылға арналған Республикалық нотариаттық палатаның қаржы-шаруашылық қызметінің кірістері мен шығыстарының сметасы тыңдалып, бекітілді.