Жоғары Сот Кеңесінің бастамасымен Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов Республикалық нотариаттық палатаның Басқарма мүшелерімен кездесуі өтті. Іс-шараға Кеңес мүшелері Нұрия Сисенова мен Ернар Бегалиев қатысты.
Кездесу барысында сот жүйесінде кадр саясатын іске асыратын орган ретінде Жоғары Сот Кеңесі қызметінің ақпараттық-ұйымдастырушылық ерекшеліктері, сондай-ақ судья кадрларын іріктеу рәсімі шеңберінде Кеңес қызметінің негізгі бағыттары атап өтілді.
Кездесуге қатысушылар да өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.