2024 жылғы 18 желтоқсанда Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының бірінші орынбасары Руслан Әлкеневтің төрағалығымен Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Шолпан Бекенова мен Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілованың қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында нотариустарды құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне жатқызу мәселесі қаралды.
Республикалық нотариаттық палата БНАЖ-ге енгізгелі тұрған пысықтауларды ұсынды. Оның ішінде тараптардың жеке кабинетін құру, мүдделі тараптардың нотариаттық қызметтерді алуға өтініш білдіргені туралы электрондық және мобильді хабарламаны алу (СМС құлақтандыру), есеп айырысу парағы, қолхат және т. б. іспеттес барлық материалдарды міндетті түрде бекіту, қарсылықтарды онлайн жіберу мүмкіндігін қарастыру, борышкердің тұрғылықты жері бойынша форматты-логикалық бақылауды әзірлеу, атқарушылық жазбалар жасау кезінде нотариустардың заңсыз әрекеттерін бұғаттау.
БНАЖ-да көрсетілген пысықтаулар ӘМ-нің пилоттық жоба туралы бұйрығымен енгізілуі мүмкін.
РНП Төрайымы нотариустарды құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне жатқызуға келіспейтіндігі туралы нотариаттық қоғамдастықтың тұрақты ұстанымын білдіріп, атқарушылық жазбалар бойынша статотчет нысанын қайта қарау жолымен осы мәселені шешуге болатыны туралы айтты.