Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков Германия Федералдық нотариаттық палатаның Халықаралық істер жөніндегі бас өкілі Ричард Бок бастаған делегациямен кездесті.
Тараптар нотариат туралы заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылады. Кездесу барысында Ричард Бок Қазақстандағы нотариустар санының өсу қарқынына алаңдаушылық білдірді. Германияның құрметті нотариусы жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелердің міндетті нотариаттық куәлігін заңнамалық тұрғыдан бекіту қажет деп санайтынын мәлімдеді.
Өз кезегінде Бекболат Молдабеков қазіргі уақытта Әділет министрлігі заңнамалық түзетулер жобасын әзірлеп жатқанын және олар неміс әріптестерінің ұсыныстарын қарауға дайын екенін атап өтті.
Әділет министрлігі Германияның ФНП делегациясын қабылдады
- Подробности
- Просмотров: 739