15 мамырда Әсел Жанәбілованың төрағалығымен Республикалық нотариаттық палата Басқармасының отырысы өтті. Күн тәртібінің негізгі сұақтарының бірі РНП-мен атқарған жұмыс. Онымен қоса қол жеткізілген нәтижелер мен алдағы жоспарлар талқыланды.
Атап айтқанда, Республикалық нотариаттық палата Ішкі Істер Министрлігінің атына «Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа енгізілген өзгерістер бойынша, яғни көлік құралының сатушыға тиесілігі мен Қазақстан Республикасының аумағына әкелуінің заңдылығын тексеру, заңнаманың бұзылуына жол бермеу мақсатында кедендік тазарту, заңнамада көзделген алымдар мен төлемдерді төлеу бөлігінде сұрау жолдау тапсырылды.
Сондай-ақ, Басқарма мүшелері Әділет министрімен өтетін кездесуде талқылайтын аумақтық нотариаттық палаталардан келіп түскен сұрақтарды қарастырды. Бұған дейін 16 сәуірде Республикалық нотариаттық палатаға Басқармадан Азамат Есқараевтың қатысуымен онлайн іс-шара өткізуді қамтамасыз ету тапсырылған еді. Нотариаттық қоғамдастық үшін тұжырымдамалық және маңызы зор мәселелерді талқылау жоспарлануда. Олар, нотариаттық мұрағат, мамандыққа кіру, «Нотариат туралы» Заңның 30-1-бабына өзгерістер енгізу мәселелері.
Басқарма мүшелері сондай-ақ Жоғарғы Соттың мұрагерлік бойынша, банктік қарыз және микроқаржы қызметі шарттарынан туындайтын даулар бойынша, сондай-ақ нотариустардың атқарушы жазбасының күшін жою туралы қорытындыларын талдады.
Басқарма отырысының қорытындысы бойынша РНП кредит алу кезінде екінші жұбайының келісімі бойынша Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі Қазақстан Республикасы агенттігінің атына жүгіну тапсырылды.
Басқарма барысында Төраға төтенше жағдай кезінде зардап шеккен нотариустарға көмек көрсету үшін жиналған қаражат туралы баяндама жасады. Су тасқынынан Қазақстанның бірнеше өңірі, оның ішінде 18 нотариус зардап шекті. РНП ТНП-мен бірге зардап шеккендерге көмектесу үшін қаражат жинауды ұйымдастырды. Барлығы 11 миллион теңгеден астам қаражат жиналды. Сондай-ақ, РНП 1 млн. теңге көлемінде материалдық көмек көрсетті.
Басқарма отырысы нотариат институтын дамытудың маңызды бағыттарын талқылаумен және одан әрі қадамдар бойынша тиісті шешімдер қабылдаумен аяқталды.
РНП Басқарма мүшелері нотариаттың ағымдағы мәселелерін талқылады
- Подробности
- Просмотров: 1160