Астанада Әділет министрі Азамат Есқарев, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова, Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Снежанна Имашева, Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы Әсел Жанәбілова және Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының төрағасы Айдос Иманбаевтың қатысуымен Берік Асыловтың төрағалығымен Бас прокуратура алқасының отырысы өтті.
Отырыс нотариустардың атқарушылық жазбалар жасауы және жеке сот орындаушыларының атқарушылық құжаттарды орындауы мәселелеріне арналды.
Іс-шара барысында прокурорлық тексерулер азаматтардан тұтынушылық несиелер мен қарыздар бойынша қарыздарды өндіріп алу рәсімдеріндегі проблемаларды ашқаны атап өтілді.
Бас прокуратура «Халықты кредиттеудің, нотариустар мен жеке сот орындаушыларының жұмысының проблемалық мәселелері бойынша Жол картасын» ұсынды. Құжат ұйымдастырушылық, практикалық және заңнамалық сипаттағы бірқатар шараларды қамтиды. Атап айтқанда, нотариустардың, жеке сот орындаушылары мен коллекторлардың жауапкершілігін күшейтуге бағытталған заңнамалық өзгерістер енгізу туралы мәселені қарау ұсынылды.
Өз кезегінде Республикалық нотариаттық палата Жол картасының кейбір ережелерін қайта қарау ұсынысымен шықты.