2023 жылғы 13 желтоқсанда Республикалық адвокаттар алқасы ұсынған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 668-бабына енгізілген түзетулерді қарауға арналған кеңес өтті.
Жұмыс кездесуін Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ӘҚБтК-нің 668-бабының құқық қолдану практикасына талдау жүргізу туралы тапсырмасы шеңберінде ұйымдастырды.
Оның жұмысына Әділет, Экология, Сауда және интеграция, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрлері Алма Мұқанова, Нұркен Шарбиев, Қайрат Балықбаев, Олжас Ордабаев; Туризм министрлігі аппаратының басшысы Жанат Ахметов; СІМ заң қызметінің директоры Жандос Керімтай; Сот әкімшілігінің құқықтық бөлімінің сектор меңгерушісі Олжас Мұқанов; ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов; Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев және басқалары қатысты.
Нотариаттық қоғамдастық атынан кеңес жұмысына РНП атқарушы директоры Гүлнара Рыспекова қатысты.
Іс – шара шеңберінде қатысушылар Республикалық адвокаттар алқасының «Жаңа Қазақстан – жаңа адвокатура» қазақстандық адвокатураны дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы салыстырмалы кестесінің жобасын және ілеспе заңдарды қарады.
Кеңес барысында Гүлнар Рыспекова Республикалық адвокаттар алқасы ұсынған түзету бойынша Республикалық нотариаттық палатаның теріс ұстанымын білдірді.