2023 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков нотариустармен онлайн форматта кездесу өткізді.
Кездесу жұмысына Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаментінің директоры Венера Калимова, Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті директорының орынбасары Данияр Шорин, Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы Әсел Жанабилова, Алматы қаласы Нотариаттық палатасының төрағасы Қарағоз Қалабаева қатысты.
Іс-шара барысында кездесуге қатысушылар нотариаттың ұйымдастырылуы мен қызметі туралы мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, тараптар БНАЖ-нің жұмысқа қабілеттілігін бағалады, Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүліктің кадастры ақпараттық жүйесінің істен шығу себептерін қарады, нотариустармен онлайн сенімхаттар мен келісімдер жасаудың заңдылығын және нотариаттық іс-әрекеттердің құпиясы мәселелерін талдады.