Бүгін, 2023 жылғы 15 қарашада онлайн форматта а. ж. 08 қыркүйегінде РНП Басқармасының шешімімен шақырылған Республикалық нотариаттық палатаның кезектен тыс XVII Съезі өтті.
Съезд жұмысына 20 аумақтық нотариаттық палатадан 57 делегат қатысты.
Күн тәртібіне РНП Басқарма мүшелігіне Қарағанды облысының нотариаттық палатасынан өкілді қабылдау туралы сұрақ кірді.
«Нотариат туралы» Заңның 28-2-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес РНП Съезінің айрықша құзыретіне РНП Басқарма мүшелерін сайлау және қызметтен босату жатады.
Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде Тоқтарова Жанар Төкенқызы өз өкілеттігін доғарды. Сол күні Қарағанды облысының жалпы жиналысында Республикалық нотариаттық палатаның Басқарма мүшелігіне Қарағанды облысының нотариаттық палатасынан Бексұлтанова Айгүл Қазбекқызының кандидатурасы ұсынылды.
Сөйтіп, Республикалық нотариаттық палатаның XVII, кезектен тыс, Съезінің дауыс беру қорытындысы бойынша Қарағанды облысының төрағасы Айгүл Қазбекқызы Бексұлтанованы Республикалық нотариаттық палатаның Басқарма мүшелігіне сайлау туралы шешім қабылданды.