2023 жылғы 4 қазанда Жоғарғы Сот ғимаратында дербес кассациялық инстанция құру мәселесін талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. Аталған дөңгелек үстел жұмысына Қазақстанның нотариаттық қоғамдастығы атынан Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы және атқарушы директоры Әсел Жанабилова мен Гүлнар Рыспекова қатысты.
Мемлекет басшысының бастамасын талқылай отырып, дөңгелек үстелге қатысушылар судьялар қауымдастығының дербес кассациялық инстанцияны құру қажеттілігі және оны одан әрі іске асыруға қатысу дайындығы туралы шоғырландырылған пікірін білдірді.
Іс-шара барысында Әсел Жанәбілова дербес кассациялық сотты құрумен байланысты негізгі артықшылықтарды атап өтіп, дербес кассациялық соттарды құру мәселесіне қолдау білдірді. Ол сот жүйесін реформалаудың бұл қадамы төменгі соттардың сот практикасында тиісті тәртіп орнатуға және қолда бар әлеует пен ішкі резервтерді оңтайландыру арқылы Жоғарғы Соттың құқықтық ұстанымдарын ескеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.