25 қыркүйектен бастап нотариустың қызметтері азаматтар мен бизнес үшін одан да қолжетімді және ыңғайлы болды.
Ерлі-зайыптылардың келісімін енді EGOV mobile платформасындағы онлайн сенімхаттар сияқты бейне қоңырау арқылы алуға болады. Бұл жаңалық жұбайының нотариаттық келісімін ресімдеу процесін едәуір жеңілдетеді.
Қызметті алу үшін: «eGovMobile» платформасында тіркелу қажет; өтініш нысанын толтырып, биометриялық тексеруден өту керек; бейнеқоңырау бойынша келісімді ресімдеп, нотариустың қызмет ақысын төлегеннен кейін дайын құжат «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді болады.
Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова қазақстандықтардың «Цифрлық нотариат» туралы болжамдарына түсініктеме бере отырып, «нотариаттың жаңа мүмкіндіктері азаматтарға кейбір нотариаттық іс-әрекеттерді онлайн, яғни қашықтан жасауға мүмкіндік береді, бірақ нотариустар нотариат саласына байланысты барлық іс-әрекеттерді жасаған кезде басты әрекет етуші болып қала беретінін атап өту қажет», - деп атап өтті.