Іс-шара Қазақстанның Республикалық нотариаттық палатасы мен Германия Федералдық нотариаттық палатасы арасындағы Ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде өтті. Республикалық нотариаттық палата Германия Федералдық нотариаттық палатасымен тығыз іскерлік және достық қарым-қатынас орнатқалы көп болды. Бұл Қазақстан нотариустары үшін өткізілген үшінші семинар.
Семинар жұмысына Алматы және Шымкент қалаларының, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарының нотариустары қатысты.
Семинар барысында «Халықаралық мұрагерлік құқық», «Халықаралық құқыққа сәйкес ерлі-зайыптылардың мүлік режиміндегі мұрагерлік құқық», «Нотариаттық актілерді трансшекаралық тану» атты тақырыптар қамтылды.
Германия Федералдық нотариаттық палатасының Халықаралық істер жөніндегі бас өкілі Ричард БОК бастаған неміс делегациясы құрамына Ландау және Плауен қалаларының нотариустары кірді.
Ландау нотариусы Торстен Йегер ЕО-тың мұрагерлік туралы Ережесіне және мұрагерлік құқық сұрақтарына егжей-тегжейлі шолу жасады.
Плауэн нотариусы Владимир Примаченко нотариаттық актілерді трансшекаралық тану туралы баяндама жасады.
Семинарда нотариустар қазақстандық-германдық элементі бар мұрагерлік істерді де қарады.
Қазіргі жағдайда мұрагерлік құқық мәселелері қазақстандық және неміс нотариаты жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан семинар аясында өткен пікірталас осы саладағы қазақстандық және неміс нотариустары арасында тиімді тәжірибе алмасуды қамтамасыз етті.
Семинар соңында Әсел Жанәбілова мен Ричард Бок қазақстандық және неміс нотариаттарының ынтымақтастығының маңыздылығын бағалады, одан әрі өзара іс-қимыл бағыттарын айқындады, сондай-ақ Қазақстан мен Германия нотариаттарының арасындағы қалыптасқан іскерлік қатынастар нотариат қызметін, нотариаттық құжаттарды жетілдіру және екі ел азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсаттарына қызмет ететінін атап өтті.