17-19 тамызда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі делегациясының Минскіге ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Азамат Есқараев пен Беларусь Республикасының Әділет министрі Сергей Хоменко екі елдің әділет министрліктері арасындағы мәжбүрлеп орындау, адвокатура, нотариат және ақпараттық технологияларды енгізу саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Министрдің екі күндік сапары барысында, атап айтқанда, Беларусь нотариаттық палатасының көпфункционалды орталығына барды. Онда, БНП төрағасы Наталья Борисенко Беларусь пен Қазақстанның нотариат саласындағы қатынастары екі жақты ынтымақтастық форматында да, Еуразиялық экономикалық одақ пен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің базалық ұйымы желісі бойынша да қарқынды дамып келе жатқанын хабарлады.
Ол сондай-ақ «Қазақстанның Республикалық нотариаттық палатасымен біз өзара сыйластық және өзара тиімді ынтымақтастық қағидаттарында қарым-қатынас орнатамыз, оның негізінде ортақ мақсаттар мен міндеттер бар, яғни, нотариат институтын нығайту және мемлекеттеріміздің азаматтары үшін нотариаттық қызметтер көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру», деп атап өтті.
Кездесу аясында Әділет министрі Азамат Есқараев Минск қаласының нотариаттық мұрағатының жұмысымен де танысып үлгерді.
Дереккөздер: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet
https://belnotary.by/