2023 жылғы 15 мамырда Республикалық нотариаттық палата мен «АМАNАТ» партиясы» қоғамдық бірлестігі арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумға қол қою құқықтық мәдениетті қалыптастыру шеңберінде өзара байланыстар орнату, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу үшін өзара тиімді ынтымақтастыққа бағытталған маңызды болып табылады.
Меморандум аясындағы жұмыс «Құқықтық көмек» партиялық жобасы шеңберінде халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруға және құқықтық мәдениет деңгейін арттыру үшін бірлескен бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуге бағытталады.