Санкт-Петербургте XI Петербургтік Халықаралық заң форумы сәтті өтті жатыр. Форум 11-13 мамыр аралығында өтеді, яғни 3 күнге созылады.
Биылғы жылы Санкт-Петербург Халықаралық заң форумының ұйымдастырушылары қатысушылар үшін 120-дан астам іс-шара дайындады. Олардың бірі «Жылжымайтын мүлік нарығын нормативтік реттеу: құқықтарды қорғаудың мемлекеттік кепілдіктері» тақырыбындағы сессия болып табылады. Оның жұмысына Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы Әсел Жанәбілова қатысты.
Аталған сессия барысында Федералдық нотариаттық палатаның президенті Константин Корсик баяндама жасады.
Іс-шараға қатысушылар адамдардың мүліктік құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады, сондай-ақ жылжымайтын мүлік нарығының кәсіби қатысушыларына заңнамадағы өзгерістер кезінде тиімділікті қалай сақтау керектігі туралы пікір таластырды.
Спикерлер азаматтардың қауіпсіздігі мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы ұдайы жетілдіру билік пен бизнес органдары үшін икемділік пен жедел ден қоюды талап ететін жаңа сын-қатерлерге әкеп соқтыратынын атап өтті.
РНП Төрағасы Форумға қатысушы елдердің әділет министрлерінің кеңесіне арналған сессияға да қатысты.
13 мамырда Әсел Жанәбілова «Бизнес иелері үшін мұрагерлік-корпоративтік қақтығыстар сабақтары» тақырыбындағы сессияға қатысады деп жоспарлануда.
Жалпы, Форумның іскерлік бағдарламасы «Цифрландыру: болашақтың құқығы немесе болашақ құқық», «Сот төрелігі және дауларды шешу: жаңа шындықтар мен көкжиектер», «Құқық және қоғам», «Тиімді мемлекетке тиімді құқық» және т. б. тақырыптарға арналған пікірталас алаңдарын, пленарлық отырыстарын, стратегиялық және сараптамалық сессияларды қамтиды.
Естеріңізге сала кетейік, Форум 2011 жылдан бері өткізіліп келеді және заң, кәсіпкерлік, саяси және құқық қорғау қоғамдастықтарының өкілдері арасындағы құқық мәселелері бойынша диалог үшін ең ірі алаң болып табылады. Форумның негізгі мақсаты – әлемде орын алып жатқан жаһандық өзгерістер жағдайында құқықты жаңғырту идеяларын ілгерілету, оның ішінде құқықтық жүйелердің өзара іс-қимылын жақсарту, құқықтық мәселелерді шешуде бірыңғай тәсілдерді әзірлеу, заң ғылымының дамуына жәрдемдесу, құқық, экономика, мемлекеттік басқару саласында цифрлық технологияларды дамыту болып табылады.