2023 жылғы 6 сәуірде Санкт-Петербург мемлекеттік университеті мен Республикалық нотариаттық палата арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Іс-шара барысында халықаралық қызмет жөніндегі проректор Сергей Андрюшин, Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанабилова құттықтау сөз сөйледі. Нотариат кафедрасының меңгерушісі Наталья Рассказова да сөз сөйледі.
Бұл келісімнің маңыздылығы құқықтық реттеу мен нотариаттық қызметті жүзеге асыру мақсатында ғылыми негізделген тәсілдерді айқындау.
Аталмыш мақсатқа қол жеткізу үшін тараптар нотариаттық практикада қолданылатын заңнамадағы олқылықтар мен қайшылықтарды анықтау, нотариаттық қоғамдастықтар алдында тұрған өзекті мәселелерді талқылау, сондай-ақ ғылыми және оқыту семинарларын ұйымдастыру және өткізу аясында ынтымақтасуға уағдаласты.