17 наурызда Республикалық нотариаттық палата өкілдерінің қатысуымен Ақмола облысының нотариустары үшін мұрагерлік құқық және атқарушылық жазба жасау мәселелеріне арналған практикалық семинар өтті.
Семинар жұмысына 50-ден астам нотариус, оның ішінде облыстық және аудандық соттардың, сондай-ақ Ақмола облысының Әділет департаментінің өкілдері қатысты.
Семинар бағдарламасына сәйкес Ақмола облысы нотариаттық палатасының төрайымы Гүлжан Кубитаева «Мұраны қабылдау», Көкшетау қаласының нотариустары Назира Молдабекова, Людмила Саурбаева және Юлия Рыбинцева «Мұрагерлік құқығы туралы куәлік беру», «Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік беру», «Мұрагерлік мүлікті бөлу. Мұрадан бас тарту» тақырыптарына арналған баяндамалар қаралды.
Өз кезегінде Республикалық нотариаттық палатаның заңгері Людмила Кутенко мұрагерліктің кейбір аспектілері туралы айтты.
Семинардың екінші бөлімінде РНП атқарушы директоры Гүлнар Рыспекова Қазақстан нотариатының қазіргі жағдайы туралы баяндама жасады. Ол сондай-ақ нотариустардың атқарушылық жазба жасау тәжірибесі туралы сөз сөйледі.
Семинарға қатысушылар Ақмола облыстық сотының өкілімен атқарушылық жазба жасау кезінде нотариустардың қолданыстағы заңнама талаптарын бұзу фактілерін талқылады. Сол тақырып бойынша Ақмола облысы Әділет департаменті бөлімінің басшысы Әділбай Ержанов та сөз сөйледі.