Әділет департаменті, нотариат және Астана қаласы сотының өкілдері «Нотариат туралы» Заңның 92-1-бабының 2-тармағының 2 және 6-тармақтары мен «Соттардың атқарушылық жазбаға дау айту бойынша істерді қарау кезінде заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 26 мамырдағы № 6 Нормативтік қаулысын талқылау шеңберінде өткен дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
Іс-шараға қатысушылар даусыз талаптар бойынша берешекті өндіріп алудың неғұрлым кең таралған түрлерін, сондай-ақ атқарушылық жазба жасау практикасының өзекті мәселелерін талқылады.
Іс-шара барысында дөңгелек үстелге қатысушылар талқыланатын тақырыптар бойынша өз пікірлерін білдірді. РНП атқарушы директоры Гүлнара Рыспекова нотариустардың атқарушылық жазба жасау кезінде қандай заң бұзушылықтарға жол беретіні туралы айтып берді.
Судьялар атқарушы жазба институты соттарды даусыз талаптарды қараудан айтарлықтай босатты деп мәлімдеді. Алайда, олардың пікірінше, бұл институт жетілдіруді, заңнамалық өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді. Сондай-ақ, судьялар атқарушылық жазбаны даулау туралы істерді қарау барысында, борышкер мен өндіріп алушы арасында құқық туралы дау болса, онда нотариусқа шағымдар іс жүзінде жоқ екенін атап өтті. Астана қаласы соттарының сот практикасы келесідей қалыптасқан екен. Егер берешек болған кезде ресми негіздер бойынша атқарушылық жазбаның күші жойылмайды. Сонымен бірге, нотариустар тарапынан атқарушылық жазба жасау кезінде заңнама талаптарын бұзу фактілері орын алады екен.
Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар нотариустардың сот талқылауларына қатысудан жалтарып, өз ұстанымдарын қорғамайтынын атап өтті.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар проблемалық мәселелер мен атқарушы жазбаны жетілдіру тетіктерін бірлесіп талқылаудың оң тәжірибесі туралы атап өтті.