Нотариустардың біліктілігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан қызметі шеңберінде және 2023 жылға арналған РНП жұмыс жоспарына сәйкес Атырау және Маңғыстау облыстарының нотариустары үшін мұрагерлік құқық және атқарушылық жазба жасау мәселелері бойынша практикалық семинар өтті.
3-4 ақпанда Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова мен РНП атқарушы директоры Гүлнара Рыспекова Атырау мен Ақтауда облыстық және қалалық соттардың судьяларының қатысуымен семинарлар өткізді.
Семинарлардың тақырыптары бұрын мұрагерлік құқықтарды ресімдеумен және атқарушылық жазба жасаумен айналыспаған нотариустар үшін де, осы мәселелерде тәжірибелі мамандар үшін де қызықты болды. Іс-шараларға барлығы 150-ден астам адам қатысты.
Талқылау барысында семинарға қатысушылар практикалық тәжірибелерімен бөлісті, тәжірибеде туындайтын проблемалық мәселелерді, атап айтқанда мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіруге, жоғалған мұрагерлерге, борышкерлерге атқарушылық жазба жасалғаны туралы хабарлауға және нотариаттық әрекеттерге шағымдар бойынша мерзімді қалпына келтіруге қатысты мәселелерді талқылады.
Қорытынды бөлімде семинарға қатысушылар азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында құқық қолдану практикасының анықталған проблемалық мәселелерін шешудің мүмкін жолдарын талқылады.
Семинарға қатысушылар судьялар мен нотариустар арасында өткізілетін кездесулер мен құқыққолдану практикасын талқылаудың бұл форматы құқыққолдану практикасының біртұтастығына ықпал етеді деген ортақ пікірге келді.
Республикалық нотариаттық палата Атырау мен Ақтауда көшпелі семинарлар өткізді
- Подробности
- Просмотров: 1262