Бүгін, 2023 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының төрайымы Эльвира Асимованың заң қоғамдастығы өкілдерімен кездесуі өтті.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтар Конституциялық сотқа жүгінудің субъектісі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 3-тармағына сәйкес Конституциялық сот азаматтардың өтініштері бойынша Конституцияда бекітілген олардың құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді Конституцияның сәйкестігіне қарайды.
Азаматтардың конституциялық құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында заң қоғамдастығының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде Республикалық нотариаттық палатанының атынан оның төрайымы Әсел Жанәбілова мен атқарушы директоры Гүлнара Рыспекова қатысты.
Кездесу барысында конституциялық іс жүргізу шеңберінде азаматтарға заң көмегін көрсетуді ұйымдастыру мәселелері талқыланды, сондай-ақ бірлескен іс-шаралар өткізу жөніндегі жұмыс жоспары белгіленді.