2022 жылғы 08 қазаннан бастап «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 19 қыркүйектегі № 788 бұйрығымен енгізілген өзгерістер қолданысқа енгізіледі.
Бұйрық 2022 жылғы 27 қыркүйекте «ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі» ақпараттық жүйесінде жарияланды.
Құжат қолданыстағы нотариат туралы заңнамаға сәйкес келтірілген. Атап айтқанда, бұйрықта құпия өсиет, атқарушылық жазба және т. б. нотариаттық іс-әрекеттерді жасау тәртібі жазылған.