24 тамызда Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова нотариаттық қызмет саласындағы Достастық мемлекеттерінің базалық ұйымының бірінші отырысының жұмысына онлайн қатысты.
Отырыс жұмысына Армения, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан нотариаттары мен әділет министрліктерінің, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.
Отырыс барысында қатысушылар базалық ұйымның таяу келешекке арналған жұмыс жоспарын талқылады, ұйым жанынан Қоғамдық кеңес құру туралы шешім қабылдады, сондай-ақ оның ережесін бекітті.
Минскіде ТМД мемлекеттерінің нотариаттық қызмет саласындағы базалық ұйымының отырысы өтті
- Подробности
- Просмотров: 1158