Талқылау Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі алқасының кеңейтілген отырысы шеңберінде өтті, оның барысында Әділет министрлігінің 2021 жылғы жұмысының қорытындылары және 2022 жылғы 1-ші жартыжылдықтағы басым міндеттері қортыланды.
Іс-шара барысында Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев цифрлық қоғамды дамыту жағдайында нотариаттық қызметті оңтайландыруға бағытталған нотариатта болған өзгерістер туралы айтып, соңғы жылдардағы ауқымды реформалар Қазақстандағы нотариустардың өкілеттіктерін айтарлықтай кеңейткенін атап өтті. Вице-министр «Цифрлық нотариат» жобалық тобын іске асыру аясында нотариустардың өкілеттіктері кеңейе түскенін хабарлады.
Өз кезегінде Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова БНАЖ жүйесі мен нотариустардың атқарушылық жазбаларды жасаудағы проблемалық мәселелерді және басқа да міндеттерді атап өтті.