РНП Басқарма мүшелері РНП Басқармасының жұмыс қорытындылары мен 2022 жылға арналған жоспарларды талқылады. РНП Басқармасының жылдық есептік отырысы барысында нотариаттық қызметті жетілдіру бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылданды, сондай-ақ 2022 жылға арналған шығыстар мен кірістер сметасы, РНП қызметі туралы ақпарат, 2021 жылға арналған ТНП қорытынды ақпараттарын қорыту құжаттары бекітілді.
Нотариаттық қызметті ұйымдастыру, нотариустардың кәсіби деңгейін арттыру, халықаралық ынтымақтастық мәселелері, сондай–ақ РНП-ның Үкіметтің заң жобалау қызметіне қатысуы, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, БНАЖ жетілдіру – Республикалық нотариаттық палатаның осы және басқа да көптеген бағыттары бойынша 2021 жылғы қызметінің қорытындыларын РНП төрайымы Әсел Жанәбілова қортындылады.
Алматыда өткен қаңтар айындағы погромдардың салдарынан зардап шеккен нотариустарға біржолғы материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылданды.