13 қаңтар 2021 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның кеңсесінде 2021 жылға арналған БНАЖ-ні дамыту мен жетілдіру бағдарламасына аумақтық нотариаттық палаталардың ұсыныстарын талқылау бойынша «ҰАТ» АҚ өкілдерімен жұмыс кеңесі өтті.
14 қаңтар 2021 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-да ашылған активті емес жеке зейнетақы шоттарының санын қысқарту бойынша жол картасының пысықталған жобасын талқылау бойынша кездесуге қатысты.
22 қаңтар 2021 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның кеңсесінде видеоконференцбайланыс арқылы Республикалық нотариаттық палатаның Басқарма мүшелерінің 2020 жылғы есептік отырысы өтті.
22 қаңтар 2021 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020 жылғы жұмыс қортындысын және 2021 жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған басым міндеттерін талқылау жөніндегі кеңейтілген алқа отырысына ZOOM бағдарламасы арқылқы қатысты.
25-26 қаңтар 2021 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова «Отбасы банк» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ өкілдерімен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалануқағидаларына қатысты кеңес жүргізді.
25 қаңтар 2021 жыл – Республикалық нотариаттық палатаныңIT маманы Елдос Сабырбеков «Банк ЦентрКредит» АҚ ұйымдастырған кеңес жұмысына қатысты. Оның барысында тараптар мұралық істер аясында қайтыс болған адамның ақшалай қаражаты мен банк ұяшығы, шотының бары туралы ақпараттарды ұсынуға қатысты БНАЖ бен Банктің АЖ ықпалдасу мүмкіндігін талқылады.
27 қаңтар 2021 жыл – БНАЖ жүйесін дамыту бойынша Нұр-Сұлтан қаласының нотариустары Олег Полумордвинов, Санжар Кенжеғали, РНПIT маманы Елдос Сабырбеков және «ҰАТ» АҚ инженер-програмисті Алексей Перченконың қатысуымен РНП мен «ҰАТ» АҚ жұмыс кеңесі өтті.
27 қаңтар 2021 жыл – Республикалық нотариаттық палата, Әділет министрлігі, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ, Ұлттық банк, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ қатысуымен кезекті жұмыс кеңесі қашықтықтан ұйымдастырылды. Тараптар Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерді есепке алу жүйесін жөндеу сұрақтарын талқылады.
29 қаңтар 2021 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Заңнама және құқықтық ақпарат институты бірлесіп ұйымдастырған заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ғылым Академиясының академигі, еңбек сіңірген ғылым қайраткері С. З. Зимановтың 100 жылдығына арналған «Академик С. З. Зиманов: өнегелі өмірі және ғылыми жетістіктері» атты халықаралық ғылыми-прпактикалық конференцияның жұмысына қатысты.
08 ақпан 2021 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның жанындағы Нотариустардың біліктілігін арттыру орталығымен ZOOM платформасында аумақтық нотариаттық палаталардың қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Оның барысында 2021 жылға арналған оқыту шараларының жоспары талқыланды.
08-12 ақпан 2021 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның атқарушы директоры Гүлнара Рыспекова Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің ережелерін түсіндіру бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жоғарғы сотымен бірлесіп ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырған семинар жұмысына қатысты.
10 және 12 ақпан 2021 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның жанындағы Нотариустардың біліктілігін арттыру орталығы «Мұралық құқық» және «Атқарушылық жазба» тақырыптарында оқыту вебинарларын ұйымдастырды.
11 ақпан 2021 жыл – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұйымдастыруымен шет елдердегі консулдық мекеме қызметкерлеріне арналған оқыту семинарына Республикалық нотариаттық палатаның атынан Нұр-Сұлтан қаласының нотариусы Олег Полумордвинов қатысты және «Консулдың нотариаттық іс-әрекеттері» тақырыбында дәріс оқыды.
11 ақпан 2021 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілімен «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексінің 26 бабының 13 тармағына сәйкес, нотариустар уәкілетті органға жеке тұлғалар бойынша мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жатпайтын мүлікті беру жөніндегі өзге де шарттар туралы мәліметтерді ұсынуға байланысты міндеттер туралы нотариустардың сұрақтарына жауап беру үшін тікелей эфирге шықты.
19 ақпан 2021 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова тікелей эфир арқылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының нормаларын түсіндірді.
19 ақпан 2021 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті ұйымдастырған «Салық Зиманұлы Зимановтың еңбектері - қазіргі заманның саяси-құқықтық ойының қайнар көзі» тақырыбында өткен Халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция жұмысына қатысты.
22 ақпан 2021 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова «Отбасы банк» АҚ өкілдерімен тікелей эфир өткізді. Оның барысында біржолғы зейнетақы төлемдері арқылы жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілесі бойынша туындаған сұрақтар талқыланды.
23 ақпан 2021 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның атқарушы директоры Гүлнара Рыспекова борышкер-жеке тұлғаның кірістерінің негізгі көзінен 50%-дан артық міндеттемелерді есептен шегеруге тиым салу бойынша шараларды жасау туралы Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жұмыс тобының онлайн отырысына қатысты.
25 ақпан 2021 жыл – Республикалық нотариаттық палатаның жанындағы Нотариустардың біліктілігін арттыру орталығы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жеке қағидалары» тақырыбында вебинар ұйымдастырды.
25 ақпан 2021 жыл – РНП IT маманы Елдос Сабырбеков Ақтөбе облысы нотариаттық палатасының шақыруымен нотариустардың алдында вебинар шеңберінде БНАЖ байланысты техникалық сұрақтарға жауап берді.