12-сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында семинар аясында дәлелдемелерді қамтамасыз ету сұрақтары қарастырылды.
Семинар қатысушылардың алдында Москва қаласының нотариусы Николай Миллер сөз сөйледі. Республикалық нотариаттық палатаның шақыруы бойынша семинар жұмысына Москва қаласының нотариусы, Федералды нотариаттық палатаның Халықаралық ынтымақтастық бойынша комиссияның мүшесі Леонид Стрюков қатысты.
Шара барысында қатысушылар дәлелдемелерді қамтамасыз ету мәселесін іс жүргізу әрекеті ретінде қарастырды және оның басқа нотариаттық іс-әрекеттерден айырмашылығы туралы талқылады. Сондай-ақ, дәлелдемелерді қамтамасыз ету барысындағы ақпарат түрлері, нотариаттық әрекет жасау этаптары, сайт, электронды пошта, әлеуметтік желідегі аккаунт, youtube.com сервисі, мобильді қолданба, сандық ақпараттық материалдық тасушы құралдарды қарау ерекшеліктері туралы айтылды.
Сөз сөйлеу барысында тыңдармандарға Интернет желісінде дәлелдемелерді қамтамасыз етудің техникалық тәртібі көрсетілді. Осы нотариаттық әрекетті жасау бойынша тәжірибелік ұсынымдар берілді.
Семинардың қортындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар ұсынылды.