Төраға
Олег Игоревич Полумордвинов
Астана қаласының нотариусы, Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы
1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
1998 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін тәмамдады. 2017 жылы А. И. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінде азаматтық құқық магистрі дәрежесіне ие болды.
2025 жылғы дерекке сәйкес жалпы заңгерлік еңбек өтілі 30 жылды құрайды, оның ішінде 23 жыл нотариат саласында. 2002 жылдан бастап Астана қаласының жекеше нотариусы қызметін атқарады. 2021–2025 жылдары Республикалық нотариаттық палатаның Тәртіптік комиссиясының төрағасы болды.
2018 жылдан бастап MNU Университетінің Жоғары құқық мектебінің аға оқытушысы (азаматтық құқық, нотариат), Республикалық нотариаттық палатаның аккредиттелген оқытушысы. 2024 жылы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің нотариат қызметі саласындағы Базалық ұйымының Қоғамдық кеңесіне Қазақстан Республикасынан мүше болды.
2026 жылғы 23 қаңтарда Республикалық нотариаттық палатаның XIX Съездінің шешімімен Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы болып сайланды.
Азаматтық құқық және нотариат мәселелері бойынша 50-ден астам ғылыми жарияланымның және 30-дан астам білім беру курстарының авторы. Республикалық нотариаттық палатаның және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық әрі кәсіби наградаларымен, соның ішінде медальдарымен марапатталды.
«Нотариат туралы» Заңның 4 тармағы 29 бабына сәйкес, Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзiмге сайланады.
Бұл ретте сол бір адам қатарынан екі мерзімнен артық Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы лауазымын атқара алмайды.
Республикалық нотариаттық палатаның төрағасын сайлау тәртiбi және оның өкiлеттiктерi осы Заңда және Республикалық нотариаттық палатаның жарғысында айқындалады.
РНП Жарғысының 6.21-6.29 баптарына сәйкес, РНП-мен РНП Басқармасымен қатар төрт жыл мерзімге сайланатын РНП Төрағасы басқарады.
Төраға болып он жылдан кем емес нотариус жұмыс өтілі бар, және тікелей сайланған күнге дейін бес жылдан кем емес уақыт бойы нотариаттық палата мүшелігінде болған нотариус сайланады.
РНП Төрағалығына үміткерді ұсыну құқығы РНП Басқармасына және кез келген АНП-ға беріледі. Төрағалыққа үміткердің өзін-өзі ұсынуына жол беріледі.
Үміткерлерді ұсыну АНП мекенжайларына Съез өтетіні туралы хабарлама жолданған күннен басталып, Съез өтетін күнге дейін отыз күн бұрын аяқталады.
РНП Басқармасының әлде АНП атынан үміткерді ұсыну РНП Басқармасының немесе АНП мүшелерінің Жалпы отырысының шешімімен жүзеге асырылады.
Үміткерлерді тіркеу Сайлауды өткізу жөніндегі Ұйымдастыру комитетімен жүргізіледі. Тіркеу Съез өтетін күнге он күннен кешіктірілмей аяқталады. Үміткерлер өздерінің үгіт-түсінік беру жұмыстарын өз қаражаттары есебінен жүргізеді.
РНП Төрағасы Съезде сайланады. Съезд делегаттарының көпшілік дауысын жинаған кандидат РНП Төрағасы болып танылады.
РНП Төрағасы өз өкілеттіктерін орындауға Съезде сайлау нәтижелерін жариялаған сәттен бастап кіріседі және жаңа Төрағаны сайлау нәтижелерін хабарлаған сәттен бастап немесе Төраға өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуы туралы Съезд шешім қабылдаған сәттен бастап тоқтатады.
РНП Төрағасының өкілеттіктерін орындау келесі жағдайларда мерзімнен бұрын тоқтатылады:
а) ол қаза тапқан жағдайда, денсаулық жағдайы бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға қабілетсіздігі;
ә)осы жарғымен жүктелген өзінің қызметтік міндеттерін тиісті емес орындағанда;
б) РНП-ның Төраға өкілеттіктерін жүзеге асырудан оның ерікті бас тартуы;
в) оның жүктілігі және босануы бойынша демалыста болуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген еңбекке қабілетсіздігіне анағұрлым ұзақ мерзім белгіленген аурулар тізбесіне енгізілген жағдайларды қоспағанда, еңбекке қабілетсіздігі салдарынан 2 (екі) айдан аса Төраға қызметтерін атқармауы.
д) лицензиясының күші тоқтатылғанда.
Жарғының 6.24. тармағында көрсетілген РНП Төрағасының мерзімінен бұрын өкілеттіктерін жою үшін негіздер болған жағдайда, РНП-ның жаңа Төрағасын сайлауды өткізгенге дейін міндеттерді орындау РНП Төрағасының орынбасарына беріледі.
РНП Төрағасы мемлекеттік басқару органдарымен, мемлекеттік емес ұйымдармен, соның ішінде шетелдік және халықаралық ұйымдармен, өзара қарым-қатынастарда РНП-ның өкілетті және заңды өкілі болып табылады.
Қолданыстағы заңнамадан және Жарғы ережелерінен туындайтын өз өкілеттіктерін жүзеге асыру барысында Төраға сенімхатсыз әрекет етеді.
РНП Төрағасы өзінің өкілеттік мерзімі ішінде нотариаттық, оқытушылық, ғылыми және шығармашылық қызметтерден басқа өзге төленетін қызметтерді атқаруға, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, басқару органдарының немесе коммерциялық ұйымдардың қадағалау кеңестерінің құрамына кіруге құқылы емес.
РНП Төрағасының қызметіне, соның ішінде, Басқарма шешімімен бекітілген тәртіпте, уақытша болмаған мерзімге (ауруға шалдығуына және т.б. себептерге байланысты) өтемақы төленеді
РНП Төрағасы:
- РНП Съездерін дайындауды және өткізуді ұйымдастырады;
- РНП-ның Басқарма отырыстарын дайындайды және өткізеді;
- РНП Басқармасының және аппаратының ағымдағы жұмысын басқарады;
- РНП қызметінің жарғылық түрлерін жүзеге асыруға жауапты болады және бақылауды іске асырады;
- РНП-ның ағымдағы қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асырады;
- РНП атынан меморандумдарға, келісімдерге және азаматтық-құқықтық шарттарға қол қояды;
- нотариустардың халықаралық, шетелдік қоғамдастықтарында және өзге де халықаралық коммерциялық емес ұйымдарда РНП мүдделеріне өкілдік етеді;
- РНП-ның қаржылық және басқа да құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие;
- банк мекемелерінде есеп айырысу шоттарын ашады;
- РНП атынан іскерлік хат жазысуды жүргізеді;
- РНП Басқармасының мүшелеріне олардың құзыретіндегі мәселелер бойынша тапсырмалар береді;
- бекітілген бюджет немесе смета шеңберінде РНП қаражаттарын басқарады;
- мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, соның ішінде шетелдік және халықаралық ұйымдарда РНП мүдделеріне өкілдік етеді;
- РНП Съездерінің және Басқармасының шешімдерін орындауды ұйымдастыруға жауапты болады;
- РНП-ның іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады;
- РНП Басқарма аппаратының қызметкерлерімен орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
- Қазақстан Республикасының Заңнамасымен және осы Жарғымен белгіленген РНП өкілеттіктерін жүзеге асыру мәселелері бойынша РНП өкілдігіне сенімхаттар береді;
- заңнамалық актілермен және осы Жарғымен белгіленген шеңберде және шектерде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
- РНП аппаратының қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза тағайындайды;
- РНП атынан Жарғыдан туындайтын әртүрлі сұрақтар бойынша азаматтық-құқықтық шарттарды жасайды.
РНП қызметін қамтамасыз ету үшін РНП Төрағасымен қалыптасатын аппарат құрылады.
Еңбек заңнамасына сәйкес аппарат қызметкерлері РНП Төрағасының бұйрығы бойынша қызметке тағайындалады және босатылады.
