Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енуіне арналған іс-шара 30 маусым күні Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының ғимаратында өтті.
Конференция мемлекеттік органдардың, заң қоғамдастығының, ғылыми орта мен сарапшылар қауымдастығының өкілдерін біріктірді. Қатысушылар Конституцияның құқықтық мемлекеттің іргетасы ретіндегі рөлін, конституциялық сот төрелігін одан әрі дамыту, заңнаманы жетілдіру және заң үстемдігін нығайту мәселелерін талқылады.
Республикалық нотариаттық палатаның мұндай іс-шараларға қатысуы мемлекеттік органдармен және заң қоғамдастығымен кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға, құқықтық диалогты дамытуға одан әрі ықпал етеді.
