Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы Олег Полумордвинов «Заң газетінің» тілшісіне нотариат қызметі және заң көмегі мәселелері жөніндегі заң жобасының негізгі жаңалықтары, цифрлық сервистерді дамыту, атқарушылық жазба институтын жетілдіру және нотариаттың даму перспективалары туралы айтып берді.
Сұхбат барысында атқарушылық жазбаларды жасау кезінде талаптардың даусыздығын қамтамасыз ету, Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің жұмыс істеуі, нотариустардың дербес деректер туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілігі, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы нотариаттың рөлі де сөз болды.
Сұхбаттың толық нұсқасымен «Заң газетінің» сайтынан танысуға болады.
