2026 жылғы 16 сәуірде РНП Жарғысына сәйкес Республикалық нотариаттық палатаның кезектен тыс ХХ Съезі өтті.
Республикалық нотариаттық палата Басқармасының 2026 жылғы 16 ақпандағы шешіміне сәйкес әрбір аумақтық нотариаттық палатадан 3 делегат өкілдік норма айқындалды. Осыған сәйкес Съезге 60 нотариустан оның жұмысына 58 делегат қатысты.
Съезд жұмысы барысында мандаттық және есеп комиссиялары, сондай-ақ хатшы мен төрағалық етуші сайланды. Делегаттардың шешімімен Съезге төрағалық етуші болып Қарағөз Қалабаева сайланды. Сондай-ақ күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ашық дауыс беру нысаны анықталды.
Күн тәртібіне сәйкес Съезде Республикалық нотариаттық палатаның Тәртіптік комиссиясының 2025 жылы атқарған жұмыс туралы есебі бекітілді, РНП Тәртіптік комиссиясының мүшесі, сондай-ақ РНП Тәртіптік комиссиясының мүшелері арасынан оның төрағасы сайланды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Тәртіптік комиссия мүшелігіне Сәуле Жүгінісова (Астана қаласының нотариусы) және Назира Молдабекованың (Көкшетау қаласының нотариусы) кандидатуралары ұсынылды. Тәртіптік комиссияның мүшесі болып Назира Молдабекова сайланды, оның кандидатурасына 39 делегат дауыс берді.
Тәртіптік комиссияның төрағасы лауазымына РНП Тәртіптік комиссиясының мүшесі Райкүл Биманова (Тараз қаласының нотариусы) және Ақмола облысы нотариаттық палатасының нотариусы Назира Молдабекова ұсынылды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Тәртіптік комиссияның төрағасы болып Назира Молдабекова сайланды.
