Республикалық нотариаттық палата Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің әкімшілік әділет саласын жетілдіруге және кеңейтуге байланысты түзетулер енгізу жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысты.
Отырысқа Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Мәжіліс отырысында адвокаттық және нотариаттық қызмет туралы заңнамаға енгізілетін түзетулер қаралды.
Атап айтқанда, нотариаттық және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау мәселелерін реттейтін нормалар талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша нормаларды пысықтауға жіберу туралы шешім қабылданды.