13 қарашада ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде өсиеттерді куәландыру тәртібі мен оларды қабылдау тәжірибесіне арналған ТМД нотариустарының вебинары өтті. Оған құқық саласындағы мамандар, Армения, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Беларусь елдерінің заң ғылымдары мен нотариаттық қоғамдастықтарының өкілдері қатысты.
Қазақстанның нотариаттық қоғамдастығы атынан «Қазақстан Республикасында өсиеттерді куәландыру тәртібі» тақырыбында Республикалық нотариаттық палатаның Тәртіптік комиссиясының төрағасы, Астана қаласының нотариусы Олег Полумордвинов баяндама жасады.