Республикалық нотариаттық палата Dijital Justice жобаларын іске асыру мәселелеріне арналған Demo Day жұмысына қатысты.
Іс-шара аясында Әділет министрі мен заң қоғамдастықтарының өкілдері цифрлық платформалар мен электрондық қызметтерді дамытудың негізгі бағыттарын талқылады.
Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова «Цифрлық нотариат» жобасының іске асырылу барысы туралы айтты. Ол қазақстандық нотариаттың жетістіктерін және нотариаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы рөлін атап өтті. РНП нотариатты цифрландыру бойынша Әділет министрлігімен және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп жасаған белсенді жұмысын атап өтті.
Төрайымның айтуынша қауіпсіздік шараларына ерекше көңіл бөлінеді. БНАЖ жүйесі қорғаудың неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз ететін екі сатылы верификациялаудан тұрады.
Жобаны іске асыру шеңберінде қабылданатын шаралар азаматтық айналым жылдамдығын және өтініш берушілердің жайлылық деңгейін арттырады, сондай-ақ бизнес өкілдерінің де, жеке тұлғалардың да уақыты мен қаражатын үнемдейді және шығындарды азайтуға ықпал етеді.
Әсел Жанәбілованың айтуынша, статистикаға жүгінетін болсақ, 2022 жылы 88 000-нан 2024 жылы 95 743-ке дейін онлайн сенімхаттардың саны өскен. Келісімдер саны 2023 жылғы 4 366-дан 2024 жылы 38 726-ға дейін өсті. Бұл цифрлық нотариаттың жоғары сұранысы мен тиімділігін көрсетеді. 2024 жылдың тамызынан бастап некеге тұрмағаны туралы өтініш беру қызметі енгізілді. Оның саны да 1000-ға жетті.
Сенімхаттарды, мұрагерлік істерді, өсиеттерді, атқарушы жазбалар мен келісімдерді тексеру қызметтері де сұранысқа ие. Олардың көмегімен жалған және жарамсыз құжаттарды анықтауға болады.