10 қазанда Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы Әсел Жанәбілова РНП-ның 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау аясында Ақтөбе облысы нотариаттық палатасының нотариустарымен кездесу өткізді.
Іс-шара жұмысына 145 нотариус қатысты.
Көшпелі семинар аясында мәселелердің көп бөлігі нотариат туралы заңнаманы жетілдіруге арналды.
Сондай-ақ, БНАЖ-да атқарушы жазбаны дамыту мәселелері қаралды. Өндіріп алушының да, борышкердің де құқықтарын қорғау мақсатында атқарушылық жазба жасау тетігін жетілдіру қажет екендігі айтылды.
Осы мәселені іске асыру аясында, сондай-ақ Бас прокуратураның тапсырмасын орындау шеңберінде БНАЖ-да борышкердің кабинеті құрылды, ол арқылы борышкер қарсылық білдіріп, оған жауап ала алатын болады. Өз кезегінде нотариус өзінің кабинеті арқылы борышкердің қарсылығын қараудан бас тартуды немесе қарсылық негізінде атқарушы жазбаның күшін жоюға мүмкіндігі бар.
Әсел Жанәбілова нотариустар жұмысындағы өзекті өзгерістерге тоқталып, Республикалық нотариаттық палатаның қызметі туралы айтып берді.
Сондай-ақ, Төраға нотариустардың 2024 жылы жеке практикамен айналысатын адамдарға салық салуға қатысты сұрақтарына жауап берді.
РНП атқарушы директоры Гүлнара Рыспекова нотариустардың қатысуымен дауларды қарау кезінде азаматтық іс жүргізу заңнамасын қолдану мәселелерін қозғады.