13 сентября Республиканскую нотариальную палату посетила делегация Мексиканской коллегии нотариусов во главе с Председателем комиссии по международным делам Давидом Фигероа Маркез.
13 қыркүйекте Республикалық нотариаттық палата кеңсесіне Халықаралық істер жөніндегі комиссия төрағасы Дэвид Фигероа Маркез бастаған Мексика нотариустары алқасының делегациясы келді.
13 қыркүйекте Республикалық нотариаттық палата кеңсесіне Халықаралық істер жөніндегі комиссия төрағасы Дэвид Фигероа Маркез бастаған Мексика нотариустары алқасының делегациясы келді.
Кездесу барысында Қазақстан мен Мексика нотариаттары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Тараптар нотариаттық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Әсел Жанәбілова нотариат саласына заманауи технологиялар мен цифрлық инновацияларды енгізудегі қазақстандық тәжірибе туралы айтып берді.
Өз кезегінде Дэвид Фигероа Маркез мексикалық нотариустардың мемлекеттің әртүрлі әлеуметтік-құқықтық бағдарламалары аясындағы жұмысын атап өтті.
Әсел Жанәбілова Қазақстан Республикалық нотариаттық палата атынан 2022 жылы Канкунда өткен 30-шы Халықаралық нотариустар конгресінде Халықаралық нотариат одағының толыққанды мүшесі болды деп, атап өтті.
Ол сондай-ақ, аталмыш кездесу V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетін күндері өтіп жатыр деп қонақтардың назарын алып шараға аударды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті және өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.