10 қыркүйекте Самарқандта Азия істері жөніндегі Халықаралық нотариат одағы комиссиясының пленарлық отырысы өтті.
Бұл алаңда Азия елдері нотариаттарының өкілдері нотариустардың жұмысына озық технологияларды енгізудің жетістіктері мен перспективаларын талқылады.
Комиссияның жалпы отырысына Қазақстан нотариатының атынан Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова қатысты.
Әсел Жанәбілова «Қазақстан Республикасындағы нотариат жүйесін цифрландыру жөніндегі шараларды күшейту» атты баяндамасында қазақстандық нотариат өз жұмысына тиімді енгізетін озық цифрлық технологиялар туралы, сондай-ақ сандық нотариаттық қызметті одан әрі дамыту үрдістері туралы айтты.
Пленарлық отырыс барысында қатысушылар 2025 жылға арналған комиссия Президенті лауазымына кандидаттарды да қарады. Дауыс беру қорытындысы бойынша 2025 жылы Комиссияны Моңғолия Нотариаттық палатасының төрағасы Баянжаргал Чаадраабал басқаратын болды.