Әсел Жанәбілова мен Анатолий Диденко мұрагерлік құқық мәселелеріне арналған «Азаматтық заңнама» жинағының шығарылымын ұсынды. Республикалық нотариаттық палата құрастырған басылым мұрагерлік құқық мәселелері бойынша сот актілері мен мақалалар жинағынан тұрады. Жинақтың негізгі бөлігінде өсиет, заң бойынша мұрагерлікке, мұрагерлік құқықтарды ресімдеуге, заңды фактілерді анықтауға, мұрадағы міндетті үлестерге, сондай-ақ медиация тәртібімен реттелген дауларға байланысты сот практикасынан мысалдар келтірілген.
62 жинақтың шығарылымына А.Диденко, К. Ильясова, И.Спасибо-Фатеева, А. Жанабилова, Р. Батаев, сондай-ақ Л. Кутенконың ғылыми жарияланымдары кіреді.
Жинақ практикалық және ғылыми қызметкерлерге, нотариустарға, сондай-ақ заң университеттері мен факультеттерінің студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына арналған.
Іс-шара барысында РНП төрағасы Әсел Жанәбілова, профессор Анатолий Диденкоға нотариатпен көп жылғы ынтымақтастығы үшін алғысын білдіріп, оның ғылыми еңбектерін жоғары бағалады.
Іс-шара жұмысына Алматы қаласы Нотариаттық палатасының төрағасы Қарағоз Қалабаева да қатысты.