Алматыда «Құқық өңірлік экономикалық интеграцияның негізі» атты екінші Орталық Азия халықаралық ғылыми-білім беру форумы аяқталды.
Форумды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, О.Е. Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң университеті және Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институты ұйымдастырды.
«Орталық Азия елдерінде құқықтық қызметтер көрсету саласындағы интеграция және өзара іс-қимыл» секциясы аясында Ресей Федерациясы Федералдық нотариаттық палатасының президенті Константин Корсик ЕАЭО елдері нотариаттарының құқықтық саладағы әріптестігі туралы баяндама жасады.
Республикалық нотариаттық палатаның атынан форум жұмысына РНП Тәртіптік комиссиясының төрағасы, Астана қаласының нотариусы Олег Полумордвинов қатысты.
Алматыда «Құқық өңірлік экономикалық интеграцияның негізі» форумы өтті
- Подробности
- Просмотров: 3702