2024 жылғы 13 маусымда ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің нотариаттық қызмет саласындағы базалық ұйымының «Трансшекаралық ақпарат алмасу кезінде электрондық нысанда нотариаттық іс-әрекеттер жасауды құқықтық реттеу» тақырыбында халықаралық семинары өтті.
Оған Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан нотариаттары мен әділет министрліктерінің өкілдері қатысты.
Қазақстанның нотариаттық қоғамдастығы атынан «Трансшекаралық ақпарат алмасу кезінде электрондық нысанда нотариаттық іс-әрекеттер жасауды құқықтық реттеу» тақырыбында Республикалық нотариаттық палатаның Тәртіптік комиссиясының төрағасы, Астана қаласының нотариусы Олег Полумордвинов баяндама жасады.
Базалық ұйымның халықаралық семинары өтті
- Подробности
- Просмотров: 1991