2024 жылғы 12 маусымда Түркістанда Республикалық нотариаттық палата Басқармасының көшпелі отырыс өтті.
Нотариат мәселелерін талқылау шеңберінде ұйымдастырылған отырыс Түркістан облысы нотариаттық палатасының базасында өтті.
Отырыс барысында Басқарма мүшелері ағымдағы мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар мәселелерді талқылады.
Ең алдымен, бұл Қазақстандағы көктемгі су тасқынының салдары, атап айтқанда жеке нотариаттық мұрағаттар мен зардап шеккен нотариустарға материалдық көмек көрсету мәселелері еді.
Сондай-ақ, бұл Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттер жасау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттер жасау кезінде мәліметтер алу рәсімін ретке келтіру бөлігінде және көлік құралына мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ұсыну шеңберінде орын алатын қайшылықтарға қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
Нотариустың кәсіби этикасының этикалық стандарттарына, сондай-ақ нотариустарда нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың тағылымдамадан өту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Басқарма соңында РНП төрайымы Әсел Жанәбілова РНП Басқармасының көшпелі отырысы Түркістанда кездейсоқ өтпегенін атап өтті.
Осы жылдың наурыз айында Түркістан облысы нотариаттық палатасының аппараты өз ғимаратына Жаңа қала, 160 квартал, 522 учаске мекенжайы бойынша көшті деп хабарланды.
Түркістанда РНП Басқармасының көшпелі отырысы өтті
- Подробности
- Просмотров: 1699